Хабарландыру 131

«Болашақ» академиясы» жеке меншік мекемесі  2016 жылы ақпан айының 20-ші жұлдызында өтетін «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:

  • Қазақстан Республикасы заң жүйесін модернизациялау: териялық мәселелері мен тәжірибесі.
  • Ақпараттық технологиялар мен олардың қолданбалы маңызы.
  • Заманауи экономикадағы қаржы жүйесінің дамуы.
  • Көптілділік әлемдегі қазіргі тілдік жағдайлар.
  • Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар.
  • Қазіргі таңдағы білім және тәрбие беру мәселелері: оларды шешу жолдары
  • Педагогика және психология: өзекті мәселелері мен даму тенденциялары.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымы дамуының өзекті мәселелері.
  • Медицина және фармация, биологияның заманауи аспектілері.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word редакторында Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы-1, Ф4 форматы, жол жиегі: сол жағы – 3 см, жоғары жағы, оң жағы, төменгі жағынан – 2 см. Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады.

Жолдың ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, одан бір жол төмен мекеме атауы жазылады. Мәтінге қосымша сурет, кесте беруге болады. Пайдаланылған деректер сілтемесі тік жақшада беріледі. Мақаланың соңында толық библиографиялық тізім беріледі. Негізгі мәтін екі жолдан кейін басталады. Мақалалар төменде көрсетілген электрондық мекен-жайға электронды түрде ұсынылады.   

Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен, Сіздің назарыңызды мақала-баяндаманың жоғарыда көрсетілген талаптарының толық сақталуына және мұқият редакцияланған күйде ұсыну керектігін есіңізге саламыз.

Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.

 

Файылдың атауы ретінде автордың аты-жөні және қаланың аты көрсетілу керек.

Баяндамамен бірге тіркеу үлгісі ұсынылады:

Аты-жөні (толық) _________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________

Жұмыс орны, қызметі _____________________________________________

Мекен-жайы _____________________________________________________

Телефон (қаланың коды), е-mail _____________________________________

Мақаланың тақырыбы _____________________________________________

Секцияның атауы _________________________________________________

Қонақ үйіне бронның қажеттілігі ____________________________________

 

Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2016 жылдың қаңтар айының 20-на дейін.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Ұйымдастыру жарнасын «Конференция жұмысына қатысу үшін (конференцияның атауын көрсету керек)» төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз:

ЖТК KZ376010191000066207, БТК HSBKKZKX

СТН 302000007457,  БСН  950640001690, Кбе 17, КНП 961,

АҚ «Қазақстан халық банкі»

 

Мақала жинағында шетелден қатысушылар ақысыз басылуға құқығы бар.

 

Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:

100008, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 17, 302 каб.

E-mail: balgozhina.s@mail.ru

Факс: 8(7212) – 420421

Анықтама телефондары: 8(7212) – 420426, 420435, 420425(041)

Жол ақы шығыныіссапарға жіберуші есебінен.

 

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар