Хабарландыру 136

Әлемдік жаһандану процесінде еліміздің өркендей түсуі, тәуелсіздігіміз тұғырлыболып, болашаққа батыл да байыпты қадам басуы жалынды да жігерлі жастардың қолында. "Қайырымы болмаса жан азады" демекші, Семей қаласында қолдауды қажет ететін әлеуметтік нысандарға көмек көрсету, жастар арасында әлемдік мәдениетті қалыптастыру, қайырымдылыққа деген көзқарасты оңтайландыру мақсатында "Семей студенттерінің Альянсы" Республикалық студенттер қозғалысының ұйымдастырумен, Семей қалалық "Ішкі саясат" бөлімі "Жастар орталығы КММ" қолдауымен 2015 жылдың қараша айының 14 күні "Тайқазан" мейрамханасында 6 дәстүрлі "Вен балын" өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған орай, Сіз басқарып отырған оқу орнынан қайырымдылық кешіне студент жастардан құралған кем дегенде 60 жұптың қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Іс-шараға қатысушылар туралы ақпарат 2015 жылдың 1қарашаға дейін қабылданады. (kgu.semey@mail.ru)

 

Жоба нәтижесі бойынша жүлделі орын алған қатысушыларбағалы сыйлықтар мен марапатталады. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталады. 

1,2,3 орын Бағалы сыйлықтар

Кеш ханзадасы -Планшет

Кеш ханшайымы – Планшет

Іс шараның өту тәртібі. Қатысушылар бірінші бөлімде өздері даярлаған композициясын орындап шығады. Екінші бөлімде Ханзада мен Ханшайым өз өнерлерін көрсетеді. 

Қатысушыларға қойылатын талаптар. 

– Бірінші бөлімге дайындалған композицияға бір топта 20 жұптан артық немесе кем болмауы тиіс

– Әрбір қатысушыға жарна құны 2500 тенге

– Оқу орнынан шығатын топтар санына шектеу қойылмайды

– Қатысушыларға киім үлгісі – Бойжеткендерге – ақ түсті көйлек, жігіттерге – қара түсті костюм шалбар

– Қатысушылар өздері даярлаған композициясының әуенін ұйымдастырушыларға 1 қарашаға дейін тапсыруы қажет.

 

Өткізілетін орны – Семей қаласы, "Тайқазан" мейрамханасы

Өткізілетін күні, уақытты – 14 қараша, 2015 жыл, сағат 18,00 

Орындаған – Ғапуов Айбек + 7 701605 3515 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар