Хабарландыру 151

Абай облысы әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін" атты сыйлығы (бұдан әрі- сыйлық)  Абай облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі; марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күнінеұштастырылып өткізіледі. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

1. Жылдың жас көшбасшысы

2. Жылдың студент көшбасшысы

3. Жас кәсіпқой

4. Жылдың жастар ұйымы

5. Жылдың жас журналисі

6. Жылдың жастар акциясы

7. Жас отбасы

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме), сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдарІшкі саясат басқармасына немесе ШҚО "Жастар бастамаларын дамыту орталығына" ұсынылады.Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу,талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын Абай облысының ішкі саясат басқармасы сыйлық берілетін жылы бекітеді. 

Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Сыйлықты Абай облысының әкімі табыс етеді. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.  

Облыс әкімнің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

1) жылдың жас көшбасшысы (жастар ұйымына басшылық жасауы, оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, тілдерді меңгеруі, әлеуметтік маңызды және ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, табысты іске асырылған жобалары)

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар