«ERUDIT» білім беру-ғылыми орталығы «Еуразия білімі. Eurasian education. Евразийское образование» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналының кезекті санына ғылыми-әдістемелік жұмыстар қабылдауды бастағаны жөнінде хабарлайды. (Қазақстан Республикасының инвестициялар мен экономикалық даму министрлігі берген мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы №14770-Ж куәлігі)
Журналдың жетінші саны Қазақ хандығының құрылғанына 70 жыл толуына арналады. Журнал санына Қазақстан тарихының айтулы беттерін суреттейтін ғылыми мақалалар, очерктер мен эсселер, тарихи тұлғаларға, өңір тарихына арналған естеліктер, Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралардың сценарийлері мен сабақ жоспарлары және өзге де ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен ізденістер қабылданады.
«Еуразия білімі. Eurasian education. Евразийское образование» журналы туралы.
Мерзімді баспасөз басылымы айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал жарияланымдарының тақырыптық бағыттары – ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, ақпараттық-жарнамалық (білім беру мекемелері үшін).
Журналдың таралу аймағы – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері, Грузия, Украина, Түркия, Қытай және Евроодақ елдері.
Журналға Қазақстан, Евразиялық экономикалық қауымдастық елдері, ТМД, Грузия, Украина, Түркия, Қытай, АҚШ және Евроодақ елдері ғалымдарының, ізденушілердің, докторанттардың, магистранттардың, мұғалімдер мен оқытушылардың, әдіскерлердің, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері, мақалалары, сабақ жоспарлары, ғылыми жобалары және басқа да ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланады.
Журналға жариялауға келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу еңбектері, очерктер мен әдістемелік жұмыстар, сабақ жоспарлары қабылданады:
- Жаратылыстану ғылымдары; – Техникалық ғылымдар;
- Гуманитарлық ғылымдар; – Экономикалық ғылымдар;
- Әлеуметтік ғылымдар; – Педагогикалық ғылымдар;
- Білім беру мәселелері.
Бір автордан журналдың бір санына екі жұмыстан артық қабылданбайды. Ұжымдық авторлықта жазылған жұмыстар жеке жұмыстармен қатар қабылданады. Бір жұмыстың авторларының саны 5-тен аспауы тиіс.
Журналда жарияланатын жұмыстарға қойылатын талаптар:
Жұмыс мәтіні 2 беттен кем болмауы тиіс және 10 (он) беттен аспауы керек, жол арасы 1,0 интервалымен Microsoft Word редакторында, жиектері – сол жағынан 3 см, жоғары және төменгі жағынан 2 см, оң жағынан 1,5 см болатын А4 форматындағы стандартты бетте Times New Roman қарпімен 14-ші шрифтпен терілуі керек, жұмыстың әрбір абзацы жаңа жолдан 1 см шегініспен жазылады. Жол ортасынан автор(лар)-дың тегі, аты-жөні (толығымен) қою шрифтпен жазылады. Келесі жолға автордың жұмыс (оқу) орнының толық атауы мен лауазымы, ғылыми атақ-дәрежесі жазылады. Бұдан соң жол ортасынан мақала тақырыбы қою шрифтпен жазылады. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады, пайдаланылған әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілген тәртібіне сәйкес, мақаланың соңында жазылады. Мәтінде сілтеме берілген әдебиеттер тік жақшаның ішінде, әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданылған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның беті көрсетіледі (мысалы, [1, 256]). Барлық суреттер, таблицалар, диаграммалар, формулалар мен басқа да көрнекілік суреттемелер компьютерлік редакторларда жасалып, мақалада сілтеме берілген ретпен көрсетілуі тиіс. Егер мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, басқа тілде жазылған жағдайда, мақалаға ағылшын не қазақ (орыс) тілінде жазылған қысқаша аннотация берілуі керек.
Редакция алқасы жинақтың тақырыбына сәйкес келмейтін, жоғарыда көрсетілген ережелерге сай емес және мазмұны жағынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін материалдарды қабылдамауға құқылы.
«Еуразия білімі. Eurasian education. Евразийское образование» журналына мақала жариялау құны, журнал санының бір данасын қоса есептегенде – 5000 теңге (журналдың данасы берілмеген жағдайда – 2500 теңге). Жарияланым ақысы әрбір мақала үшін жеке-жеке төленеді. Көрсетілген сома – редакциялық алқа тарапынан мақаланың журналға енетіндігі расталғаннан кейін, «Еуразия білімі» журналына мақала жариялау үшін» деген белгімен «ERUDIT» білім беру-ғылыми орталығының есепшотына аударылуы тиіс.
Жарияланым ақысын аударуға қажетті банктік реквизиттер:
«Erudit Group» ЖШС,
Қазақстан Республикасы, Семей қ., Юность көшесі 69/25, тел: 8(7222)562525
БИН: 140540000927
Е/ш (IBAN): KZ419260301174933000
«Казкоммерцбанк» АҚ Семей қ. бөлімшесі
БИК: KZKOKZKX
Журналға енетін ғылыми-әдістемелік жұмыстар электронды нұсқада, автордың байланыс телефондарын көрсете отырып, eruditgroup@gmail.com электронды поштасына әрбір күнтізбелік айдың 25-ші жұлдызына дейін жіберілуі тиіс. Журнал саны келесі күнтізбелік айдың бірінші жартысында жарық көреді.
Жұмыспен бірге авторлар өздерінің электронды нұсқадағы фотосуреттерін жіберуі керек (JPEG форматындағы сканерден өткізілген фотосурет көшірмелері де қабылданады). Фотосурет 5х6 форматындағы портреттік фото түрінде түсірілуі керек, егер мақала авторлары 3 (үш) не одан көп адам болса, біртекті ашық фонда түсірілген бір ұжымдық фотосурет қабылданады. Сапасы төмен немесе автордың бет-әлпеті көрінбейтін фотосуреттер қабылданбайды.
Журнал санына жұмысы жарияланған әрбір авторға редакция алқасы жұмысының жарияланғандығы туралы сертификат береді.
Журналға мақала жариялау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша «ERUDIT» білім беру-ғылыми орталығына келесі телефон номерлері бойынша хабарласа аласыздар:
8 (7222) 56-25-25, +77076594160 (Азамат Азатов), +77778543577 (Арафат Мамырбеков)
e-mail: eruditgroup@gmail.com
Редакцияның мекенжайы: 071400 Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 45/3