Құрметті әріптестер! Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana Сізге өзінің айрықша құрметін білдіре отырып, сізді Астана қаласы, 2016 жылдың 11-12 мамыр күндері өтетін «Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияда жақын және алыс шет мемелекеттердің жетекші білім ордаларының танымал ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемлекеттік мекеме басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:
Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен мүмкіндіктер қарастырылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы – геронтология және биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуына бағытталған.
Аталмыш конференцияның өткізілуі Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми деңгейін дамытуға және халықаралық ғылыми қоғаммен тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ: Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» ДБҰ президенті, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы; Anne Lonsdale, «Назарбаев Университет» ДБҰ провостының м.а., Ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары; Жұмаділов Жақсыбай Шаймарданұлы, м.ғ.д., PhD, ЖМ «National Laboratory Astana» бас директоры, Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1. Сессия «Инновациялық медицина, биоинженерия және жасушалық технологиялар»;
2. Сессия «Сапалы ұзақ өмір сүру және геронтология»;
3. Сессия «Нейродегенерация және неврологиялық аурулар»;
4. Сессия ең үздік постерлік мақала «Best poster presentation» сайысы*.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛІ: Қазақ, ағылшын, орыс тілдері.
ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ: Баяндама, постерлік сессия, тезистерді жариялау, тыңдаушы**. БАЯНДАУ ҰЗАҚТЫҒЫ: 10 минут.
*Конференция шеңберінде ең үздік постерлік мақала «Best poster presentation» сайысы өтеді: сайыс нәтижесі бойынша ең үздік үш жұмысқа марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтары табысталады. Саыйсқа ғылыми мекемелер, студенттер мен ғылыми қызыметкерлер қатыса алады.
**Пленарлық сөз сөйлеу және сессия баяндамаларын Ұйымдастыру комитеті белгілейді. Конференцияның жұмыс уақыты мен бағдарламасы туралы мәлімет конференцияның ресми сайтында көрсетілген.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ: www.cls.nu.edu.kz
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д., 53, Назарбаев Университеті