Қазақстан инновациялық университеті (ҚИУ) Сіздерді 2016 жылдың 13 сәуірде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – жастар патриотизмінің негізі ретінде» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция шеңберінде мынадай секциялар жұмысы жоспарлануда:
1-ші секция. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қазіргі қазақстандық қоғам дамуының басты бағыты ретінде;
2-ші секция. Қазіргі қоғамдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
3-ші секция. Құқықтанудың өзекті сұрақтары;
4-ші секция. ҚР қаржы жүйесінің механизмдерінің жетілдірілуі және оның әлемдік қауымдастыққа интеграциясы;
5-ші секция. Қазіргі кездегі Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері;
6-шы секция. Экономика, учет и туризм: жастардың ғылыми ізденісі.
Конференцияға қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мақалалар қабылданады.
БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Баяндама тезисі және қатысушының тапсырысы екі бөлек файлда ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Баяндама файлының атауы секция, автордың аты-жөнінен тұруы тиіс.
Баяндама мәтіні ( А4 форматта 3-5 беттен аспауы тиіс) Word 6,0 (7,0) редакторында, Times New Roman, Kz Times New Roman шрифтімен (аралық интервал – 1, шрифт мөлшері -14, жиектері – сол жақ 30 мм, оң жағы, үсті мен асты 20мм. ) жолдардың ені теңестіріліп терілуі қажет. Азат жол стандартқа сай (10 мм) болуы тиіс.
Сіздерден, жіберілген мақалалардың қойылған талаптарға сай безеңдірілуін сұраймыз. Себебі, ғылыми конференцияның мақалалар жинағын құрастыру барысында жіберілген жұмыстар тікелей көшіріледі.
Сілтемелер мақаланың соңында беріледі, мысалы [1, 12 б.]. Беттің бірінші жолының ортасына майлы шрифтті бас әріптермен баяндаманың атауы көрсетіледі. Келесі жолда автордың аты-жөні, ұйым атауы. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Сонымен қатар, берілген үлгі бойынша конференцияға қатысушының формасын толтыруды сұраймыз.
Баяндамаларды мына электронды поштаға жібере аласыздар: baizhumanov_nur@mail.ru, buhaeva_72@mail.ru.
Баяндамаларды жіберу мерзімі – 2016 жылдың 7-ші сәуірге дейін.
Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының электронды жинағын шығаруды жоспарлауда. Мақалалар жинағының қағаз нұсқасын алу үшін, конференцияның басталуына дейін ұйымдастыру комитетімен хабарласу қажет. Төлемақы 1500 теңгені құрайды. Төлегендігін растайтын түбіртек баяндама және қатысушының анкетасы электрондық поштаға жіберілуі тиіс.
Сіз төлемақыны келесідей төлей аласыз:
Ұйымдастыру комитетіне тікелей төлем жасау арқылы: Семей қаласы, Байсеитов көшесі, 5 Қазақстан инновациялық университеті, 303 каб, А3.
Банктік аударым арқылы:
Алушы: «Қазақстан инновациялық университеті» мекемесі
ИИК: KZ 988560000006060826
Заңды мекен-жайы: Семей қ., Байсеитов к. 5
Банк: Семей қ., Ленин көшесі 22, «Банк Центр Кредит» АҚ филиал
БИК: KCJB KZ KX
ЮИН: 130 540 005 331
Кбе: 17
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы
0714000, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Байсеитов көшесі, 5 Қазақстан инновациялық университеті, 304 каб, А3. тел.факс.: 8 (722-2) 56-58-13; 56-22-53 (ішкі нөмір 120) «Экономика, есеп және туризм» кафедрасы.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.к. Бухаева Анара Аргыновна тел. 8(7222) 562253 (ішкі нөмір 120), 87476860992, каб. 303 А3
Байжуманов Нурлан Оразбекович, «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, 8(7222) 562253 (ішкі нөмір 120), 87079966186, Каб.307 Б3.