Хабарландыру 240

2015 жылдың сәуір айының 14 және 15 жұлдызында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті «5В110300 – Фармация» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиаданың өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, № 2 корпус (Фармация институты), Төле би көшесі,  88, Алматы қаласы.

Қатысуға шақырылады: «5В110300 – Фармация» мамандығында оқитын жоғарғы курстардың студенттері. Олимпиада Республикалық пәндік олимпиадалар шеңберінде болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатымен өткізіледі.Олимпиадаға оргкомитетке уақытысында мәлімдеме берген командалар қатысады. Әрбір жоғары оқу орны 5 адамнан артық жібермейді. Олимпиаданың ашылуында командалар өздерін таныстыруы қажет (девиз, атауы).

Олимпиада екі  кезеңде өткізіледі. Бірінші теориялық кезең мамандық бойынша өткен 4 пәндер бойынша тестілеу түрінде өтеді (фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, дәрілік заттар технологиясы, фармацевтикалық химия және фармакогнозия). Екінші кезең мамандыққа сәйкес ситуациялық есептерді шешу (есепті шешуге 5-7 минут уақыт беріледі).

Қатысушыларды тіркеу: 14 сәуірде – 9.00-10.00

Олимпиаданың өтетін уақыты: 14  сәуірде бірінші кезең 10.00-13.00 дейін.

14 сәуірде екінші кезең  14:00 -17:00 дейін   

15 сәуірде  10.00-де олимпиаданың жабылу рәсімі.

15 сәуірде қатысушыларға Алматы қаласының қонақжайлылығы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады.

Олимпиаданың жүргізілу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.

Қатысу үшін келесі мәліметтер қажет: 1 сәуірге дейін төмендегі форма бойынша мәлімдеме тапсырылуы керек:

«Фармация» мамандығы бойынша өтетін студенттер арасындағы пәндік олимпиадаға қатысу мәлімдемесі

  1. Қатысушылардың аты-жөні, тегі: _________________________________
  2. Оқу орны:  (ЖОО аталуы, курсы)_________________________
  3. Мамандығы _______________________________________________
  4. Байланыс телефондары: __________________________________________
  5. E-mail: _________________________________________________________
  6. Топтың жетекшісі: _______________________________________________

 

– әрбір қатысушыға оқу орнынан алынған анықтама немесе  оқу кітапшасының сканерден өткізілген копиясы.

Құжаттарды Олимпиаданың электрондық адресіне 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін жіберу қажет.

e-mail: kairat_phd@mail.ru

 

Ұйымдастырушы комитет  және әділқазылар мүшелері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармация институтының профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған.

Төраға: Фармация ОД директоры, фарм.ғ.д., доцент Устенова Г.О.

Байланыс телефондары: Шопабаева Алма Рахимбаевна, байл.тел.: 87772270966; Жакипбеков Кайрат Сапарханович, байл.тел.: 87479224950.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар