Хабарландыру 243

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Күләш Ахметованың 70-жылдық мерейтойына арналған Республикалық  «Күләш әлемі» оқуларының байқауы

 

Қала: Тараз

Өткізілу уақыты: 29 сәуір, 2016жыл

Тіркелуі: сағат: 09-00

Басталуы: сағат: 10-00

Өткізілетін орны: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,  №2 оқу ғимаратының АКТ залы

Ұйымдастырушы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігі. Қазақ филология кафедрасы

Мақсаты: Ақынның шығармашылығын насихаттау, зерттеу, дарынды жастарды анықтап, оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету.

 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған, Күләш Ахметова атындағы әдеби-шығармашылық зертханалық кабинеті аясында, ұлтымыздың мақтанышы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Күләш Ахметованың 70-жылдық мерейтойына арналған «Күләш әлемі» оқуларының республикалық байқауы ұйымдастырылмақ. Байқау мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттап, зерттеу, зерделеу. Дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Жастардың бойына рухани, адамгершілік, имандылық  қасиеттерін дарыту, туған елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Байқауға жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттері және мектеп оқушылары қатыса алады. Әрбір қатысушының оқитындығын растайтын оқу орнынан анықтама қағазы болуы міндетті.

Осыған орай, аталған байқауға Сіз басқарып отырған оқу орнынан өнерпаз жастардың қатысуына ықпал етіп, төменде көрсетілген өтінішке сәйкес толтырып жіберулеріңізді сұраймыз. Келу, кету шығыны қатысушы жақ есебінен. Байқаудың өткізілу шарттары мен байқау ережелері хатқа қоса тіркелген.

 

Республикалық «Күләш әлемі» байқауына қатысушының өтініші

1

Тегі, аты-жөні

 

2

Қай қаладан

 

3

ЖОО (толық атауы)

 

4

Номинация түрі

 

5

Өлең тақырыбы

 

6

Байланыс телефоны

 

 

Республикалық «Күләш әлемі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

                                        Байқау екі номинация бойынша өтеді:

  1.   Күләш өлеңдерін жатқа айту
  2.   Күләш сөзіне жазылған әндерді орындау

 

                                                           ТАЛАПТАРЫ

  • Байқауға қатысушылардың әндері «жанды» дауыста орындалуы тиіс: жасалған аранжировка (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдың) минус сүйемелімен, саз аспаптарымен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетігент.б.) орындауға болады;
  • Байқау қазақ тілінде өткізіледі;
  • Ән сүйемелі MD(мини-диск) тасымалдағышында ұсынылады;
  • Орынадалатын әннің ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс;
  • Оқылатын өлең шумағы 7-8 шумақтан аспауы тиіс;
  • Байқау барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі мен сахна мәдениетіне назар аударылады;
  • Өлең, әннің сөздері қағаз жүзінде болуы керек;
  • Бауқауға жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылары қатыса алады.

 

Байқаудың қазылар алқасы

  • Қазылар алқасының құрамы елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгер, тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және институт ректорымен бекітіледі;
  • Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды;
  • Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
  • Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

Жеңімпаздарды марапаттау

Марапаттау екі номинация бойынша беріледі.

Бас жүлде – біреу

I-ші орын – біреу

II-ші орын – біреу

III-ші орын – біреу

Дипломанттар, Ынталандыру сыйлықтары

 

Байқауға қатысушылардың өтініштері 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады. Мерзімнен кешіккен өтініштер қабылданбайды.

Барлық сұрақтар бойынша байқау ұйымдастырушыларына хабарласуға болады.

Абдуалиева Жазира 8 747 217 72 19;   Әзімжан Нұрбол  8 707 306 83 14

E:mail:   Kaz.fil.fak@mail.ru   

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би 62.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар