Хабарландыру 272

Конференция жұмысына қатысуға медициналық жоғары оқу орындарының, денсаулық сақтау басқармасының, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, ғалымдар, оқытушылар, қызметкерлер шақырылады.

Конференция барысында мынадай бағыттар боынша жұмыстар жоспарлануда

1 – Балалар денсаулығы мен  репродуктивті денсаулықты қалыптастырудың медициналық-экологиялық және әлеуметтік аспектілері

2 – Балалар денсаулығы мен репродуктивті денсаулықты қорғаудың пәнаралық әдістемесі. 

3 – Перинатология мен неонатологияның өзекті мәселелері

4 – Ерлердегі репродуктивті патологияның замануи мәселелері

5 – Урогениталды инфекция және репродуктивті денсаулық

6 – Репродуктивті жүйенің жай-күйіне химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың организмдегі зат алмасу процестеріне ықпалын экспериментальды зерттеу. 

7. Жоғары оқу орындарында денсаулық сақтайтын білім беру технологиясын іске асырудың замануи аспектілері

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысуүшін 2016жылдың 16 қыркүйек айына дейін қатысуға арналған өтінімдерді жіне басылымға жіберу үшін мақаланың мәтінін ұйымдастыру комитетіне электронды түрде жіберуіңіз қажет.

 

030019 Ақтөбе қ. Маресьев  к.68

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Қосымша ақпарат www.zkgmu.kz сайтында "Ғылым" бөлімінде орналасқан.

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар