Хабарландыру 289

Дін мәселелері, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Абай облысының дін істері басқармасы «Тәуелсіз Қазақстан – толеранттылық пен бірлік үшін!»  атты облыстық конкурсын жариялайды.

 

Конкурстың мақсаты:

Дін саласындағы тұрақтылықты, халықтың бірлігін нығайту, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруда жастардың рөлін күшейту, қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін кеңінен насихаттау.

 

Конкурстың міндеті:

Ұлттық салт – дәстүрлерді, Қазақстан халқының ұлттық рухани құндылықтарын дамыту;

Журналистерді және студенттік жастарды аталмыш тақырыпта шығармашылық ізденіске ынталандыру;

Қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған материалдарды жұртшылық назарына жеткізу;

Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін көпшілікке, соның ішінде радикалды діни идеологияның зиянды әсері туралы тұрғындарға жеткізу.

 

Бұл конкурсқа бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген журналистер, ЖОО мен колледж студенттері қатыса алады. Материалдар авторлық, плагиатсыз және Абай облысына қатысты болу қажет. Болек кадрларды  ақпарат көздеріне сілтемемен пайдалануға болады. Роликтер мемлекеттік не болмаса орыс тілдеріндегі дыбыстаумен не болмаса титрлар мен қабылданады, ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек.

КОНКУРС БЕС НОМИНАЦИЯДАН ӨТЕДІ:

  • «ЖОО студентінің үздік ролигі»;
  • «Колледж оқушысының үздік ролигі»;
  • «Үздік журналистік ролик»;
  • «Үздік сценарий»
  • «Үздік қойылымдық ролик»

Дискідегі материалдарды конкурсқа қатысу өтінішімен бірге Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 510 каб. мекен-жайы бойынша «Абай облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне немесе a.omarbaeva@akimvko.gov.kz электронды поштасына 2016 жылғы 1 қарашаға дейін тапсыру қажет.

Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің                         25 жылдығының қарсаңында жарияланатын болады. Жеңімпаздар  ақшалай сыйлықтармен Өскемен қаласында марапатталады.

Авторлардың жұмыстарын алдын алу шаралары  аясында қолдануға келісім беру-конкурс шарттарының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар