Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті 2016 жылғы 3-5 қазандағы аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Эндоскопиялық Хирургтерінің тақырыбында: "Қазақстан эндоскопиялық хирургиясының жетістіктері мен болашағы" кезекті VI Съезі өтетіндігін хабарлайды.
ҚЭХА VI Съезд кезінде Оңтүстік Корея, Франция, Ресей, Грузия, Украина және тағы басқа да елдерден белгілі шетелдік эндоскопиялық хирургтерінің қатысуымен шебер-кластардың өткізілуі жоспарланып отыр.
Съезд туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: ҚЭХА Президенті – м.ғ.д. Котлобовский Владимир Игоревич тел. + 7 701 5332205, email kv55.55@mail.ru