1-ШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА, ЖАТАҚХАНАҒА МҰҚТАЖ СТУДЕНТТЕРГЕ – ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА КӨРСЕТІЛГЕН ФОРМА БОЙЫНША ТАПСЫРУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ. 2-5 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ – ӨТІНІШТЕРДІ ДЕКАНАТҚА ТАПСЫРУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ.
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ БОЙЫНША ЖАТАҚХАНАДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН АЙҚЫНДАЙТЫН СӘЙКЕС ҚҰЖАТТАР ҚОСЫМШАЛАНҒАН ЖАЗБАША ӨТІНІШІ НЕГІЗІНДЕ БӨЛЕДІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ЖАТАҚХАНАҒА МҰҚТАЖ СТУДЕНТТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ (БАР БОЛУЫ) АНЫҚТАМА ҰСЫНУЫ ҚАЖЕТ (Халыққа қызмет көрсету орталығы).
2016 жылдың 25 тамыз күні сағат 10.00 Семей қ. ММУ бас ғимаратының конференцзалында жатақханаға орналасу конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия бойынша қарастырылады.
ҚР Білім және ғылым Министірінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары» Семей қ. ММУ –нің №1, 3, 7 жатақханаларынан орын бөлу үшін комиссия құрамы бекітілсін:
Төрайым: Жунусова А.Б. – оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы проректоры
Комиссия мүшелері:
1. Оразалина А.С. – КОЖ, стоматология және шетел бөлімінің деканы, доцент
2. Алимбаева А.А. – «Жалпы медицина» факультетінің деканы
3. Танатарова Г.Н. – дипломнан кейін және қосымша білім беру деканатының деканы
4. Смаилов Н.С. – кәсіподақ ұйымының төрағасы
5. Эфендиев И.М. – балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, «Нұра-Отан» партиясының мүшесі, антикоррупция Кеңесінің мүшесі
6. Омаркулова Жанипа – «Фармация» факультетінің 4-ші курс студенті
7. Самаркан Орал – «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті
8. Қажиева Тоғжан – «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті
9. Барсуков А.С. – Семей қ. ММУ құқықтық және паспорттық-визалық орталығының басшысы
10. Толеубаева К.С. – жастар ұйымының төрайымы
Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелермен кезектілікті ескере отырып, мынандай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар;
2) кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамджар, сондай-ақ Қазақстан республикасының азаматтары болып табылмайтын «оралмандар»;
3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар;
4) «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер.
5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қортындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылар.
6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғары курс студенттері қатарындағы білім алушылар.
Анықтама алу үшін қабылдау комиссиясына хабарласыңыз:
email: pk_sgmu@mail.ru
Тел.: 8(7222) 52 27 47 (ішкі: 1034)
Школатар: 8(7222) 56-28-84