Құрметті әріптестер!
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Экологиялық технологиялар бойынша құзыретті орталық» корпоративтік қоры, Павлодар облысы әкімдігі және «Атамекен» Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы Сізді 2016 жылдың қараша айының 02 жұлдызында өтетін «Экологиялық қауіпсіздік кепілі ретінде өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.
Конференцияға қатысуға – ғалымдар, мамандар, тілшілер, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, магистранттар мен студенттер шақырылады. Конференция «2030 жылға дейінгі Павлодар облысының дамуының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» атты Павлодар облысының әкімінің қаулысына орындау мақсатында «ERTYS INVEST 2016» халықаралық инвестициалық форумның кезекті панельдік сессия ретінде өткізілмек. Бұл форум ғылым мен өндіріс өкілдерінің әлеуетті инвесторлармен B2B кездесулер өткізуге мүмкіндік беретін тиімді сұхбат алаңы болып табылады
Конференция Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және басқа да ТМД елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеулер институттарының, сонымен қатар Павлодар облысы мен басқа да аймақтардың өндіріс мекемелер өкілдерінің қатысумен өткізілуі көзделіп отыр.
Конференцияның мақсаты, шетелдік және отандық жетекші ғалымдар, аспиранттар, магистрантар мен жас ғалымдардың жетістіктерін жариялау мен талқылау, анализдер мен ғылыми – тәжірибелік ақпараттар алмасу; бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасын әзірлеу; іскерлік және коммерциялық байланыстар орнату; аталған салада шығармашылық және ғылыми байланыстар дамыту; металлургиялық, энергетикадан және басқа өндірістіктен шығатын қалдықтарды қайталама шикізаты ретінде пайдалануда іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетінің тиімділігін арттыру және инновациялық дамудағы перспективалы жолдарын анықтау.
Конференция аясында жоспарлануда:
Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамаларымен жоспарлы отырыс жүргізу;
Күл пайдалану аясындағы перспективалық жобалар презентациялар;
С.Торайғыров атындағы ПМУ – ң ғалымдарының ғылыми жобалары мен жетістіктерінің көрмесі, күл пайдалану арқылы өндірілген құрылыс материалдарының үздік өндірістік тәжірибелері.
Конференцияға қатысу және Сіздің баяндамаңызды конференция бағдарламасына қосу үшін, сонымен қатар, Ғылыми еңбектердің уақтылы басылып шығылуы үшін Сізге 2016 жылдың қазан айының 14 жұлдызына дейін asem.arislanova@mail.ru элктрондық поштаға:
– қатысу үшін арналған өтініш (Қосымша 1 қарау);
– ғылыми еңбектердің жиындығына мақаланың (Қосымша 2 қарау) жіберу қажет.
Конференцияға қатысу үшін жазылатын тіркеу формасын, конференцияның бағдарламасын жоспарлау мақсатында 2016 ж. қазан айының «14» жұлдызынан кешіктірмей жіберуіңізді сұраймыз.
Мақалалар 2016 жылдың айының «14» жұлдызына дейін тек asem.arislanova@mail.ru мекен-жайы бойынша қабылданады.
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРДІҢ ЖИНАҚТАРЫНДАҒЫ ҚОЛЖАЗБАЛАРҒА, МАҚАЛАЛАРҒА ТАЛАПТАР
Мақаланың көлемі Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын болуы керек. Мақала және тіркеу парағы бір хатпен жіберілуі керек және мақала авторының фамилиясымен аталуы тиіс (бірлесіп жазған жағдайда бірінші фамилия жазылады). Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.
Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық – бір, үстіңгі жағы – 2,5 см., астыңғы жағы – 2,5 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см.; абзац шегінісі – 1 см.
- беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны, атағы және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
- формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG форматында 300 dpi кем емес;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретімен сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің парағын көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].
Cіз ұсынған мақала жоғарыда көрсетілген талаптарға сай рәсімделіп және мұқият редакциялануы қажет. жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат 2016 жылдың 22 қазанға дейін Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.
Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық банкі» жергілікті бөлімшелері арқылы төленуі тиіс. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберіледі. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы – 3000 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2500 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге. Жарна әрбір мақала үшін міндетті түрде төленуі тиіс. «Экологиялық қауіпсіздік кепілі ретінде өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді.
Жинақты алу кезінде төленген туралы түбіртектің түпнұсқасын көрсету қажет. Басқа қала қатысушылары жинақты алу мәселесі бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу қажет.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (718-2) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14).
«Экологиялық технологиялар бойынша құзыретті орталық» корпоративтік қоры (А-445 кабинеті). Арисланова Әсем Ізбасарқызы, Сыртқы байланыстар дамыту бойынша менеджер, тел. 8 (7182) 67 36 54, +7 777 230 70 23, е-mail: asem.arislanova@mail.ru
Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2016 жылдың 22 қазанға дейін дейін хабарлауыңызды сұраймыз.
Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.
Төлем үшін реквизиттер: «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, БИН 990 140 004 654
- «Еуразиялық банкі» АҚ есеп айырысу шоты KZ4394812KZT22030797, БИК EURIKZKA
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БИК HSBKKZKX, есеп айырысу шоты KZ156010241000003308, Кбе 16, КНП 859