Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Болашақ» академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық әкімдігі Ә.Н.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орай «Әлемдік тұлға Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.
Аталған ғылыми жиын аудан орталығы – Ақтоғай ауылында 2016 жылы 24 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.
Конференция жұмысына отанымыз бен шетелдердің жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары ғалымдары, оқытушылары, қоғам қайраткерлері шақырылып отыр.
Конференция секциялары:
1. Әлихан әлемі: қайраткерлік ұстаным мен мемлекетшілдік қағидат
2. Алаш және ұлт руханияты: тіл, әдебиет, мәдениет белестері
3. Тәуелсіздік тағылымы: құқықтық мемлекет жолы
4. Қазақстан жолы: экономика сабақтары
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және түркі тілдері. Конференция материалдары 23 қыркүйекке дейін қабылданады.
Материалдарды рәсімдеу тәртібі
Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word редакторында Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы-1, Ф4 форматы, жол жиегі: сол жағы – 3 см, жоғары жағы, оң жағы, төменгі жағынан – 2 см. Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады.
Жолдың ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, келесі жолда автордың аты-жөні, мекеме атауы жазылады. Мәтінге қосымша сурет, кесте беруге болады. Пайдаланылған деректер сілтемесі тік жақшада беріледі. Мақаланың соңында толық библиографиялық тізім беріледі. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. Мақалалар төменде көрсетілген электрондық мекен-жайға электронды немесе дискімен А4 қағазға шығарылған түрде ұсынылады.
Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен, Сіздің назарыңызды мақала-баяндаманың жоғарыда көрсетілген талаптарының толық сақталуына және мұқият редакцияланған күйде ұсыну керектігін есіңізге саламыз.
Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай рәсімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.
Файылдың атауы ретінде автордың аты-жөні және қаланың аты көрсетілу керек.
Баяндамамен бірге тіркеу үлгісі ұсынылады:
Аты-жөні (толық) _________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
Жұмыс орны, қызметі _____________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________
Телефон (қаланың коды), е-mail _____________________________________
Мақаланың тақырыбы _____________________________________________
Секцияның атауы _________________________________________________
Қонақ үйіне бронның қажеттілігі ____________________________________
Ұйымдастыру жарнасы – 2000 теңге. Ұйымдастыру жарнасын «Конференция жұмысына қатысу үшін «Ұлт тәуелсіздігі: Әлихан Бөкейханның рухани мұрасы мен тарихи тағылымы»» төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз:
ЖТК KZ376010191000066207, БТК HSBKKZKX
СТН 302000007457, БСН 950640001690, Кбе 17, КНП 961,
АҚ «Қазақстан халық банкі»
Мақала жинағында шетелден қатысушылар ақысыз басылуға құқығы бар.
Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:
100008, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 17, 302 каб.
E-mail: balgozhina.s@mail.ru
Факс: 8(7212) – 420421
Анықтама телефондары: 8(7212) – 420426, 420435, 420425(041)