Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінде ізденуші Байырханова Алмагуль Ораловнаның 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған «Пролиферативті витреоретинопатия кезінде 5-фторурацилмен байытылған хитозан қабықшасын қолданудың тәжірибелік негіздемесі» тақырыбындағы диссертациялық еңбегі қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ордені» Құрмет белгісі «көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтындағы полимерлердің физикохимиясы және синтездеу зертханасында, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің моделдеу және эксперименттік терапия мен виварий бөлімі Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының, А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» патоморфология зертханасы базасында жүзеге асырылды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Рецензенттер:
Ульданов Олег Галимович – медицина ғылымдарының кандидаты (14.00.08-көз аурулары), С.Ж. Аcфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіндегі офтальмология кафедрасының доценті, Алматы қ.
Долматова Ирина Анатольевна - медицина ғылымдарының докторы (14.00.08-көз аурулары), доцент, Қазақстан-Ресей медицина университеті №1 хирургиялық аурулар кафедрасы, Алматы қ.
Ғылыми кеңесшілер:
Ботабекова Турсункуль Кобжасаровна – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақ ордені» Құрмет белгісі «көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрайымы.
Семёнова Юлия Михайловна – медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қаласы Мемлекеттік Медициналық университетінің жалпы хирургия кафедрасының профессоры м.а.
Анзельм Кампик – MD, профессор, Мюнхен Университеті клиникасының офталмология бөлімінің меңгерушісі, Германия
Ғылыми қорғау 2016 жылдың 17-ші қараша күні сағат 09.00-де Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 103, үлкен конференц-залы.
Сайт мекен-жайы: smu.edu.kz
Ғылыми хатшы: Токаева Алма Зейноллакызы: тел: (сот.) +77013559338, (жұмыс) 8 (7222) 522094 (і.н. 1092), e-mail: rautal@yandex.ru
№3 – диссертант публикациясының тізімі,