Хабарландыру 396

Құрметті әріптестер!

«Болашақ» академиясы» жекеменшік мекемесі 2017 жылы ақпан айының 24 жұлдызында өтетін «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:

  • Қазақстан Республикасы заң жүйесін модернизациялау: теориялық мәселелері мен тәжірибесі.
  • Заманауи экономикадағы қаржы жүйесінің дамуы.
  • Көптілділік әлемдегі қазіргі тілдік жағдайлар.
  • Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар.
  • Педагогика және психология: өзекті мәселелері мен даму тенденциялары.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымы дамуының өзекті мәселелері.
  • Медицина және фармация, биологияның заманауи аспектілері.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Материалдарды ресімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word редакторында Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы – 1, А4 форматы, жол жиегі: сол жағы – 3 см, жоғары жағы, оң жағы, төменгі жағынан – 2 см. Бастапқы жолдың сол жағын да ӘОК индексі жазылады.

Жолдың ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, одан бір жол төмен мекеме атауы жазылады. Мәтінге қосымша сурет, кесте беруге болады. Пайдаланылған деректер сілтемесі тік жақшада беріледі. Мақаланың соңында толық библиографиялық тізім беріледі. Негізгі мәтін екі жолдан кейін басталады. Мақалалар төменде көрсетілген мекенжайға электронды түрде ұсынылады.   

Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен, мақала-баяндама мәтінінде жоғарыда көрсетілген талаптардың толық сақталуын және мұқият редакцияланған күйде ұсынылуға тиіс екенін ескертеміз.

Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.

Файлдың атауы ретінде автордың аты-жөні және қала атауы көрсетілуі керек.

 

Баяндамамен бірге тіркеу үлгісі ұсынылады:

 

Аты-жөні (толық) _________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы ____________________________________________

Жұмыс орны, қызметі ______________________________________________

Мекенжайы _______________________________________________________

Телефон (қаланың коды), е-mail ______________________________________

Мақала тақырыбы __________________________________________________

Секция атауы ______________________________________________________

Қонақүйге бронның қажеттілігі _______________________________________

 

Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2017 жылдың қаңтар айының 20-сына дейін.

 

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Ұйымдастыру жарнасын «Конференция жұмысына қатысу үшін (конференцияның атауын көрсету керек)» төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз:

                          ЖТК KZ376010191000066207, БТК HSBKKZKX

                          СТН 302000007457,  БСН  950640001690, Кбе 17, КНП 961,

                          АҚ «Қазақстан халық банкі»

 

Мақала жинағында шетелдік авторлардың ақысыз басылуға құқығы бар.

 

Ұйымдастыру алқасының мекенжайы:

100008, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 17, 309 каб.

E-mail: balgozhina.s@mail.ru

Факс: 8(7212) – 420421

Анықтама телефондары: 8(7212)-420426, 420435, 420425(041)

Жолақы шығыны – іссапарға жіберуші есебінен.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар