Хабарландыру 397

Құрметті әріптестер!

«Болашақ» академиясы 2017 жылы сәуір айының 28 жұлдызында өтетін «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер» (шетелдін әріптестері қатысады) тақырыбындағы студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 

Конференция аясында төмендегі секциялар жұмыс жасайды:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының даму мәселелері.
  • Ұлттық экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және қаржы жүйесінің проблемалары.
  • Тұлғаны дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.
  • Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы.
  • Тілдер – мәдениетаралық қарым-қатынас негізі.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
  • Қазіргі даму кезеңіндегі химиялық-фармацевтикалық және биологиялық-медицина ғылымдарының өзекті мәселелері.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Материалдарды ресімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word редакторында Times New Roman, 14 шрифтімен, әр жол аралығы – 1, А4 форматы, жол жиегі: сол жағы – 3 см, жоғары жағы, оң жағы, төменгі жағынан – 2 см. Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады.

Жолдың ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, одан бір жол төмен мекеме атауы, тағы бір жолдан кейін ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және аты-жөні жазылады. Мәтінге қосымша сурет, кесте беруге болады. Пайдаланылған деректер сілтемесі тік жақшада беріледі. Мақаланың соңында толық библиографиялық тізім беріледі. Негізгі мәтін екі жолдан кейін басталады. Мақалалар көрсетілген мекенжайға электронды түрде ұсынылады.

Мақала мәтініне автордың (авторлардың) өзі жауапты. Қолжазбаны жинаққа ұсыну немесе ұсынбауды редакциялық алқа өз құқығына қалдырады.

Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен, мақала-баяндама мәтінінің жоғарыда көрсетілген талаптарға толық сай болуын және мұқият редакциялауы тиіс екенін ескертеміз.

Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.

 

Баяндамаға автор жөніндегі мәліметті тіркеу формасы қоса беріледі (әр автор барлық жолды толтыруға міндетті)

 

Мақаланың әрбір жеке авторы жөнінде мәлімет

Бөлім әрбір автор үшін жеке толтырылады, егер автор бірнешеу болса, берілген бөлім көшірмелерінің саны авторлардың жалпы санына тең болуы керек.

Автордың аты-жөні (толық түрде) орыс тілінде

 

Автордың аты-жөні (толық түрде) қазақ тілінде

 

Автордың аты-жөні (толық түрде) ағылшын тілінде

 

Байланыс мәліметтері:

Автордың электронды поштасы (E-mail)

Телефоны

 

Жұмыс істейтін (оқитын) мекемесінің толық атауы (толық түрде) орыс тілінде

 

Жұмыс істейтін (оқитын) мекемесінің толық атауы (толық түрде) қазақ тілінде

 

Жұмыс істейтін (оқитын) мекемесінің толық атауы (толық түрде) ағылшын тілінде

 

Мекеменің мекенжайы орыс тілінде

 

Мекеменің мекенжайы қазақ тілінде

 

Мекеменің мекенжайы ағылшын тілінде

 

Секция атауы

 

Қонақүй қажеттілігі

 

 

Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2017 жылдың наурыз айының 20-сына дейін.

 

Ұйымдастыру жарнасы – 2500 теңге (ескерту: «Болашақ» академиясының студенттері үшін – 1500 теңге).

Ұйымдастыру жарнасын «Конференция жұмысына қатысу үшін (конференцияның атауын көрсету керек)» деп көрсетіп, төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз:

ЖТК KZ 376010191000066207, БТК HSBKKZKX

БИН 950640001690,  Кбе 17, КНП 861

АҚ «Қазақстан халық банкі»

 

Мақала жинағында шетелдік авторлардың ақысыз басылуға құқығы бар.

 

Ұйымдастыру алқасының мекенжайы:

100008, Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 17, 309 каб.

E-mail: balgozhina.s@mail.ru

Анықтама телефондары: 8(7212) – 425732, 420425(041)

 

Жолақы шығыны – іссапарға жіберуші есебінен.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар