Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінде ізденуші Масабаева Меруерт Равильевнаның 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақ популяциясында созылмалы вирусты гепатиттер мен вирусты этиологиялы бауыр цирроздың дамуын молекулярлы-генетикалық болжау» тақырыбындағы диссертациялық еңбегі қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Семей мемлекеттік медицина университетінің неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасында дайындалды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Рецензенттер:
Кулжанова Шолпан Адлгазыевна – медицина ғылымдарының докторы (14.00.36-аллергология және иммунология), «Астана медицина университеті» АҚ эпидемиология, иммунология және жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан.
Рахимова Сауле Есламовна – биология ғылымдарының кандидаты (03.00.07-микробиология), Геномды және дербестендірілген медицина зертханасы, өмір туралы ғылымдар орталығының жетекші ғылыми қызметкерi, "Астана мемлекеттiк лабораториясы", Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
Аукенов Нурлан Ерденьевич – медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің біріктірілген оқу-ғылыми лабораториясының меңгерушісі, Қазақстан.
Шуничи Ямашита – MD, PhD, Нагасаки университетінің атомдық бомбалау салдарынан туындаған ауруларды зерттеу институтының денсаулыққа төнген қауіп-қатерді бақылау бөлімінің төрағасы және профессор. Нагасаки университеті вице-президентінің өкілетті тұлғасы, Нагасаки қ., Жапония.
Ғылыми қорғау 2016 жылдың 13-ші желтоқсан күні сағат 14.00-да Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 103, үлкен конференц-залы.
Сайт мекен-жайы: smu.edu.kz
Ғылыми хатшы: Токаева Алма Зейноллакызы: тел: (сот.) +77013559338, (жұмыс) 8 (7222) 522094 (і.н. 1092), e-mail: rautal@yandex.ru
Техникалық хатшы: Амантаева Гаухар Кайсановна: тел: (сот.) +77471894107, (жұмыс) 8 (7222) 522094 (iш. 1092), e-mail: gauhar2101@mail.ru
№1 қосымша-аннотация, №2-диссертация, №3 – диссертант публикациясының тізімі, №4 – кеңесшілердің пікірлері.