Хабарландыру 411

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК: ТАРИХЫ, БҮГІНГІСІ, БОЛАШАҒЫ» атты Халықаралық ғылыми–практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2016 ж. 09 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы, ШҚО, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өтеді (Глинки көшесі, 20 А, акт залы).
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының және нығаюының кезеңдері
2. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негіздері
3. Бүгінгі Қазақстандағы білім жүйесінің дамуы
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысу және баспа материалдарын конференция жинағына жариялау үшін 2016 жылдың 1 желтоқсанға дейін жіберу керек:
1. Баяндама мәтіні (6 беттен артық емес).
2. Қатысуға ұсынысхат (ұсынған үлгіде).
Электрондық адрес: r.d.akhmetova@mail.ru
Конференция материалдарының жинағы тура көшіру әдісімен терілетіндіктен, мақала-баяндама мәтінінде төменде көрсетілген талаптардың толық сақталуын және мұқият редакцияланған күйде ұсынылуға тиіс екенін ескертеміз. Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды.
Конференцияны өткізгеннен кейін материалдардың электронды жинағы, ISBN нөмірі қойылып шығарылады. Сұрыптамадан өтпеген мақалалар жинаққа енгізілмейді. Жинақтын электронды нұсқасы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сайтына орналастырылады. Ғылыми мақалаларды шығару ТЕГІН.
Материалдарды рәсімдеу ережелері:
Баспа нұскаулығы: А4 форматты стандартты қағазда шеттері: сол жағы, оң жағы, жоғарғы, төменгі – 2 см; негізгі мәтіннің шритфті-14 кегль, жол арасы – бір интервал.
Суреттер мен кестелер анық әрі ақ-қара гаммада болуы тиіс(қара штрихталған болуыда мүмкін). Кестенің тақырыпшаларын қалың шрифтпен жазуға және ерекешелуге болмайды.Егер берілген кестеде негізгі жүктемені білдіретін бөлігі болса, онда сол жеке ұяшықтарын сұрмен(қарамен) белгілеу қажет.
Берілген жұмыс келесідей шығыс ақпаратты ұстануы керек: мақаланың аты; автордың аты-жөні(әр автордың бірінші тегі көрсетілсін); ғылыми дәрежесі(студент, магистр, доктор немесе
қызметкер); жоғары оқу орнының толық аталуы, факультеті, қаласы, электронды почтасының адресі.
Пайдаланған әдебиеттің сілтемесі – тік жақшамен және тізімді ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімдеу керек. Жоларалық интервал – 1.
Егер, берілген мақаланың авторы студент(магистр) болса, тіркелу барысында міндетті түрде ғылыми жетекшісі(оқытушы) туралы мәлімет: аты-жөні(толық), ғылыми дәрежесі, қызметі, кафедрасы, ЖОО-ң аты толық көрсетілу қажет.
Өтінім беру түрі:
Байланыс телефондары:
+7(7222) 36-02-25 «Қазақстан тарихы» кафедрасы,
+7(7222) 35-82-99 Ғылым бөлімі,
+7 775 1751876 Мұхаметжанова Нұргүл Ахметжанқызы (кафедра меңгерушісі),
+7 775 3025816 Ахметова Раушан Дүйсенбекқызы (жинақ редколлегиясы).
e-mail: r.d.akhmetova@mail.ru
Құрметті авторлар! Қолжазбаның дұрыстығына назар аударуыңызды сұраймыз! Тезистар авторлық баспаларда теріледі және қосымша түзетулерге жіберілмейді. Пішімдеуде өрескел қателер болған жағдайда конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаның жариялану сапасы үшін жауапкершілікті алмайды және қайтаруға құқықты өзідерінде қалдырады.
Ұйымдастыру комитеті
ТЕЗИСТІ БЕЗЕНДІРУДІҢ ҮЛГІСІ:
ӘӨЖ: 371.13
Г.Ж. Агзамова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақстан, Семей қ., r.d.akhmetova@mail.ru
МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Текст, текст, текст
Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі
Қызметі
Жұмыс/оқу орны
Мекен-жайы,почталық индексі(кітапшаны жіберу мақсатында)
Таңдалған бағыт
Мақаланың атауы
Телефондар
Жұм.
Ұялы
e-mail
Жалпы негізде конференцияға қатысу іштей/сырттай

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар