Хабарландыру 415

2017 жылдың 26,27 қаңтар «Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізіледі. Конференция материалдары арнайы жинақ болып, жарық көреді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

1.Жаратылыстану ғылымдар

2.Гуманитарлық ғылымдар

3.Қоғамдық ғылымдар

4.Педагогика-психология ғылымдар

5.Медицина және фармакология

6.Құқұқтық ғылымдар

7.Экономика,басқару және қаржы

8.Мектептегі білім берудің заманауи мәселелері

Баяндама мәтіні Microsoft Word форматында берілуі керек және келесі талаптарға сай келуі керек:

  1. Баяндаманың көлемі 4 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
  2. Жоғарғы шегі -2 см, төменгі шегі -2 см, оң жағы- 1 см, сол жағы- 3 см.
  3. Негізгі мәтін шрифті – Times New Roman, кегель-12, қатараралық интервал – бірлік.
  4. Баяндама тақырыбы:  бас әріптермен жазылады, қоюлығы – жартылай қара, абзац жоқ, теңестіру парақтың ортасына қарай.
  5. Авторлардың тегі, аты-жөні: қоюлығы – жартылай қара, абзац жоқ, теңестіру парақтың ортасына қарай.
  6. Мемлекеті, тұрғылықты мекен-жай, мекеме: жазылуы – курсив, абзац жоқ, теңестіру парақтың ортасына қарай.

Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарды өңдеу мүмкіндігін қарастырмайды. Студенттер мен магистранттар баяндамасы үшін жетекшілерінің рецензиясы талап етіледі

Баяндама мәтіндері ұйымдастыру коммитетіне 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 тенге.

Жарна мынадай арнайы есеп шотқа төленеді: Казкоммерцбанк.

ИИК KZ929260801128571004.

БИК КZKOKZKX АО Казкоммерцбанк Кбе 16, БИН 990440008043

Ұйымдық жарнаны төлегені туралы құжат электронды почта арқылы bakit_zhan_84@mail.ru адреске жіберіледі.

            Ұйымдастыру комииссиясының мекен жайы: ОҚО Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 оқу ғимараты, 308 каб «Физика» кафедрасы.

Барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комиссиясына хабарласып, толық мәлімет ала аласыздар. 8 (72533) 63636, ішкі 1312 сот 87075678843,  e-mail: bakit_zhan_84@mail.ru. Ұйымдастыруға жауапты: Құрбанбеков Бақытжан

 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар