Хабарландыру 420

Құрметті әріптестер!

Сіздерді, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінде Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 26-28 сәуір күндері аралығыныда UNESCO тарапынан 2016 жыл «Қожа Ахмет Ясауи» жылы деп жариялануы және TURKSOY тарапынан 2017 жыл  «Түркістан қаласы – Түрік әлемінің мәдени астанасы» ретінде жариялануы аясында өтетін «Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі Түркістан форумы ІІІ: Жаһандану үдерісінде Түрік әлемінің келешегі» тақырыбында конгреске қатысуға шақырамыз.

Конгресс жұмысы барысында Түрік әлемінің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және т.б. алаңдардағы тұрмыс-тіршілігі, өзгерістері мен даму сатылары ғылыми тұрғыдан талқылануы жоспарлануда.

«Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі Түркістан форумы ІІІ: Жаһандану үдерісінде Түрік әлемінің келешегі» конгресінің жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Түрік әлемі елдерінің мәдени, әлеуметтік және экономикалық құрылымдарындағы соңғы жағдайлар;
  2. Түрік әлемі елдерінің саяси және құқықтық құрылымдағы өзгерістер және демократиялану әрекеттері;
  3. Халықаралық капиталға сүйенген Әлемдік трансұлттық компаниялардың Кавказия және Орта Азияның табиғи энергетикалық ресурстарына қатысты саясаты;
  4. Жаңа әлемдік жүйедегі Түрік әлемінің рөлі: мүмкіндіктер мен қауіптер және әлемдік жүйемен интеграциялануы;
  5. Жаһандану және тараптану үдерісінде Түрік әлемі елдерінің арасындағы байланыстар: жетістіктер, мәселелер және шешу жолдары.

Конференция 4 тілде өтеді – қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде. Конференция тезисін/мәтінін/баяндамасын жазуда Халықаралық АРА 6.0 стандарттары/ережесі басшылыққа алынады. Конгреске тіркелу (түйіндеме, мәтін жіберу, нәтиже көру, бағдарлама және т.б.) және толық мәліметті алу  сілтемесі арқылы жүргізіледі.

Конференцияға қатысу үшін маңызды күндер төмендегідей:

25.01.2017 ж. – Түйіндеме жіберуде соңғы күн;

01.02.2017 ж. – Түйіндеме нәтижесі жарияланады;

10.03.2017 ж. – Толық мәтін жіберуде соңғы күн;

01.04.2017 ж. – Толық мәтін нәтижесі жарияланады;

10.04.2017 ж. – Тіркеу формасын (Өтініш) жіберуде соңғы күн.

Қабылданданған және конференцияда баяндалған баяндамалар конференция жинағында басылады. Сонымен қатар, тиісті талаптарға жауап беретін баяндамалар жаңадан шығатын «Әлеуметтік ғылымдар» атты Халықаралық электронды ғылыми журналда және  «Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы» атты ғылыми журналда жарияланады.

Ескерту: Жол шығындары қатысушылар тарапынан төленеді. Қонақ үй және тамақтану шығындары ұйымдастырушы тарапынан төленеді. Конгресс туралы хабарламалар мен толық мәліметті  сілтемесінен ала аласыздар.

Мекен-жайы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті, ҚР ОҚО Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылы №29, 3-қабат 321 бөлме.

Телефон / Факс: 8 (725 33) 6-35-49, 6-36-36 (11-26)

Эл.пошта: usbk@ayu.edu.kz                      

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар