Құрметті әріптестер,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен 26-28 сәуір 2017 ж. «Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: Түркістан форумы ІІІ: Ғаламдасу үдерісінде Түркі дүниесінің келешегі, мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбында конгрес өткізіледі. Конгресс жұмысы барысында Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Түркі тілдес республикалардың әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және т.б. алаңдарындағы тұрмыс-тіршілігі, өзгерістер мен даму сатылары, Түркия Республикасының осы бағытта қосқан үлесі мен орны ғылыми тұрғыдан талқылануы жоспарлануда.
Құрметті әріптестер,UNESCO тарапынан «2016 Қожа Ахмет Ясауи» жылы деп жариялануы және конгресс ұйымдастырылып отырған Түркістан қаласының TÜRKSOY тарапынан 2017 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жариялануы бұл іс-шараға ерекше мән беретіні сөзсіз.
Конгресс туралы хабарламалар мен толық мәліметті http://usbk.ayu.edu.kz/ сілтемесінен ала аласыз. Конгресске қатысушыларды асыға күтеміз.