Құрметті әріптестер!
««Болашақ» Академиясы» жекеменшік мекемесінің фармацевтикалық факультеті 2017 жылдың 7 сәуірінде «Қазақстан Республикасы тұрғындарын мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі негізі ретінде дәрілік заттармен сапалы және тиімді түрде қамтамасыз ету» атты жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы келесі бағыттармен жоспарланады:
- Қазақстанның фармацевтикалық нарығының заманауи қалпы.
- Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірістің қалпы мен даму перспективалары.
- Қазақстанның бөлшек буын дәріхана ұйымдарының отандық дәрілік заттармен қамтылғандықтарын сараптау.
- Аурулардың профилактикасы мен салауатты өмір салты.
- Халық медицинасы – заманауи медицина ізашары.
- Фармацевтикалық білім беру мен өндірісті кіріктіру.
Конференцияның өткізілетін тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу ережелері
5 беттен аспайтын баяндама мәтіні Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 шрифтімен терілуі қажет, жоларалық интервал – 1, А4 форматы, жиектер: сол жақ – 3 см, жоғары, оң, төмен жақ – 2 см. Сол жақ жоғарғы бұрышта УДК индексі қойылады.
Ортасынан – қою шрифтпен және бас әріппен жазылған баяндама атауы. Интервалдан кейін автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері. Келесі жолда – ұйымның атауы. Негізгі мәтін бір жолдан кейін жазылады. Мәтінде кестелер мен суреттерді қолдану рұқсат етіледі. Қайнар көздерге сілтемелер шаршы жақшаларда беріледі, сілтемелерді нөмірлеу мәтіннің өн бойымен тұтас. Толық библиографиялық тізім мақала соңында беріледі. Баяндамалар төменде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.
Конференция материалдары тікелей көшіру тәсілі арқылы теріледі, сондықтан назарларыңызды мақаланы барлық жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтай отырып, мұқият түзетілген күйінде жіберу қажеттілігіне аударамыз.
Конференцияға қатысуға фармацевтикалық және медициналық ұйым қызметкерлері, ғалымдар, жоғары және орта оқу орын оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар шақырылады.
Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдар, не талаптарға сай емес орындалған жұмыстар қарастырылмайды және қайта қайтарылмайды.
Файл атауында автордың тегі мен қаласы көрсетілуі қажет.
Баяндамаға тіркелу формасы қоса жабыстырылады:
Тегі, аты-жөні (толық) ____________________________________________
Ғылыми дәреже, ғылыми атақ ____________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефон (қала коды), е-mail ______________________________________
Мақала атауы _________________________________________________
Бағыт атауы ___________________________________________
Қатысу формасы (күнзідгі баяндамамен, стенділік баяндама, сырттай материалдарды бастыру) __________________________________________
Қонақ үйді брондау қажеттілігі __________________________
Баяндаманы және тіркеу формаларын тапсыру мерзімі 2017 жылдың 15 наурызына дейін.
Ұйымдастыру жарнасы 1500 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжат факс арқылы немесе электрондық пошта арқылы беріледі. Жарна есеп айырысу шотына «Конференция жұмысына қатысу үшін (конференция атауын көрсету)» деген белгімен аудару арқылы енгізіледі.
Есеп айырысу шоттары: ИИК KZ 376010191000066207, БИК HSBKKZKX,
Кбе 17, КНП 861, БИН 9506400001690
АО «Народный банк Казахстана»
Шетел қатысушылары мақалалар жинағында тегін басылымға құқылы.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
100008, Қарағанды қ., Ерубаева көшесі, 16, 110 каб.
E-mail: sivol-kz@mail.ru
Факс: 8 (7212) 420421; анықтама телефондары: 8(7212) 782529
Іссапар шығындары – іссапарға жіберуші жақтан.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ