Хабарландыру 453

Құрметті әріптестер!

2017 жылы 22 ақпанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына арналған «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: тарихнамалық және деректанулық зерттелу мәселелері» атты тақырыбында өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияның жұмысына шақырады.

Интернет-конференцияның мақсаты: Қазақстан тарихының ХХ ғасырдың бірінші ширегінде болған күрделі тарихи оқиғаларды тұлғаландыру, Орта Азия және бүкіл Қазақстан  жерлерін, оның ішінде Торғай, Жетісу, Сырдария аймақтарын негізгі ошағы ретінде қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ұлт тарихындағы орны мен рөлін айқындау.

Интернет-конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторларының шиеленісуі.
  2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан Алаштың айбынды батырлары.
  3. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның күрделі тарихының шығармашылық, мұрағаттық деректері, тарихнамалық, педагогикалық және фольклорлық зерттеулері.
  4. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихындағы Қазақстанның тәуелсіздік идеясының алатын маңызды орны мен рөлі.

5. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы дін, педагогикалық және мұсылмандық білім беру мәселелері.

Интернет-конференция жұмысы 4 тілде: қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 

Материалдарды рәсімдеу тәртібі:

Баяндама мәтіні 5 беттен аспауы тиіс және WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы бас әріппен, бір жолдан кейін ортасында жай әріппен автордың аты-жөні, одан бір жол төмен ортасында – мекеме, қала  аты, E-maіl жазылады. Келесі жолдан – негізгі мәтін басталады.

Сілтемелері тік жақшаларда, мақаланың соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін – орысша, түрікше, ағылшынша, ал орыс тілінде жазылған мәтін үшін – қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде түйіндеме беріледі.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен немесе CD-R дискімен төменде көрсетілген мекен-жайға жіберілуі тиіс.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2017 жылдың  15 ақпанына дейін.

Баспа шығындарына жұмсалатын ұйымдық жарна – 3000 теңге.

           Интернет-конференция материалдары ғылыми жинақ ретінде басылып шығады.

Ұйымдық жарнаны төлегені туралы құжат электронды пошта арқылы жіберіледі. Жарна «Конференция үшін (конференция атауы келтіріліп)» белгісін қоя отырып, мынадай арнайы есеп-шотқа төленеді: Халық банкі 4402573563102500. Анықтама алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 8-7028756543; 8-7758055977.

Төлем мақсаты: «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: тарихнамалық және деректанулық зерттелу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция жұмысына қатысу үшін.

 

Интернет-конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасы, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, №29, 5-қабат, 517 бөлме.

Анықтама телефоны: 8-7028756543

Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент Г.О.Нурбетова, т.ғ.к., доцент Г.Т.Жораева

Эл. пошта E-mail: gulnar19731973@list.ru  8-7028756543

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар