Хабарландыру 454

М.О.ӘУЕЗОВТЫҢ 120- ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН  «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 15: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

 

Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 13-14 сәуір 2017 ж.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

          Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1.  Кен өндіру мен химиялық технологияның, силикат материалдары және металлургия,       

 нанотехнологияларды   дамытудың заманауи бағыттары;

  1.  ИИД МБ – 2 бағдарламасын жүзеге асыруда тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;
  2.  Тамақ инженериясы және биотехнология;
  3.  Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің даму жолдары;
  4.     ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында жаңартылған энергетика, энергия сақтаушы  

 технологиялар мен ресурстар;

  1.      Құрылыс, машинажасау және транспорт салаларының  өзекті мәселелері;
  2.     Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  3.     Физика-математикалық ғылымдар, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар саласындағы   

 теориялық және қолданбалы зерттеулер;

  1.     Аймақтардың индустриалды – инновациялық даму жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық  

 перспективалар;

  1.  Конституциялық реформалар – Қазақстан Республикасы тарихындағы бетбұрыс кезеңі;
  2.  Білім беру аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды психологиялық-кәсіби

 тұрғыдан даярлау;

  1.  М.Әуезов –  Қазақ ұлттық мәдениетінің майталманы;
  2.  Тұжырымдамалық аспектідегі қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері;
  3.  Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық – сауықтыру аспектілері;
  4.  «Ұлы Дала елі» тарихы: өзекті мәселелері мен жаңа көзқарастар.

 

          Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

          Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан)  және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2017 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Махашов Еркин Жумагалиевич – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.

            Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ   (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі,  бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract  150 ден  250 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін екі нұсқада көрсетіледі, біріншісі түп нұсқада, екіншісі Reference  роман алфавитінде (латыншада) SCOPUS мәліметтер базасында көрсетілетін бұл сілтемелер журналдармен мақала авторларын дәйектеме (цитирование) оқу барысында ескерілетіндей болу керек.

         Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Конференция еңбектерініндегі іріктелініп алынған мақалалар Proceeding Conference SCOPUS мәліметтер базасына енгізілуі жоспарлануда.

 

            Қонақ үйді брондау 2017 жылдың 31 наурызына дейін 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-1989 E-mail: ukgu70@mail.ru

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар