Хабарландыру 455

Құрметті  әріптестер!

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Студенттік Ғылыми Қоғамы 2017 жылдың 21-22 сәуірінде өтетін «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға студенттерді  және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдарды қатысуға  шақырады.

Іргелі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері конференцияда ұсынылуы мүмкін. Қабылдау мерзімі 2017 жылдың 25 наурызына дейін. Әдеби шолулар қарастырылмайды.

Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, ғылыми ой-өрісін және әртүрлі ғылыми бағыттардың байланысын кеңейтуге  ықпал ету,өзекті мәселелермен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.

Конференция мәліметтері студенттік «International Student’s Journal of Medicine»журналының  арнайы шығарылымында жарияланатын болады. Журналдың электронды нұсқасы университеттің арнайы сайтында www.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ  Вконтакте vk.com/snokaznmuқауымдастығы парақшасындажарияланады.

Конференцияға қатысу және тезистерді жариялау – тегін. Жол жүру шығыстары мен тамақтануы жіберуші тарабының есебінен жүзеге асырылады.Ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келетін қатысушыларға хостелде орталықтандырылған орналастыруды ұсынады, тұру құнын ұйымдастырушы комитеттен біле аласыздар.

Конференцияның  іскери тілдері: қазақ, орыс,ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы:

  1. Баяндама мен тезистің ауызша жариялануы;
  2. Баяндама мен тезистің стенд түрінде жариялануы;
  3. Тек тезистің жариялануы;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, конференцияға сырттай қатысушылар қатысуы туралы сертификат алуға мүмкіндігі жоқ.

 

Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:

  1. Ішкі аурулар.mnpk2017vb@mail.ru
  2. Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология. mnpk2017hb@mail.ru
  3. Фармация және фармакология.mnpk2017ph@mail.ru
  4. Стоматология.mnpk2017st@mail.ru
  5. Акушерство және гинекология.mnpk2017ag@mail.ru
  6. Педиатрия және неонатология.mnpk2017pn@mail.ru
  7. Морфологиялық пәндер.mnpk2017mo@mail.ru
  8. Қоғамдық денсаулық сақтау.mnpk2017oz@mail.ru
  9. Іргелі пәндер.mnpk2017fd@mail.ru
  10. Иммунология, инфекциялық патология, эпидемиология.mnpk2017ib@mail.ru
  11. Неврология, психиатрия және наркология.mnpk2017np@mail.ru
  12. Гигиена және экология.mnpk2017ge@mail.ru
  13. Постерлі секциясы. mnpk2017ps@mail.ru

Конференцияға дайындық барысында, қатысушылырдың өтініштерінің санын және ұсыныстарын ескере келе, жоспарланған секцияларға түзетілулер еңгізілуі мүмкін.

 

Конференция ұйымдастырушылары қатысушылардың өзі орындаған әрі толық  ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша, ауызша баяндамалар мен тезистерді іріктеп алады. Пайдаланылған әдебиетке шолулар қарастырылмайды. Ауызша баяндама ұзақтығы 5 минут.

 

Постерлі баяндама рәсімдеу талаптары №3 қосымшада көрсетілген. Постерлі баяндаманы дайындау автор есебінен жүргізіледі.

Конференцияға қатысу үшін:

(МҰҚИЯТ ТАНЫСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ)

  1. Тезистерді талапқа сай рәсімдеп, арнайы электронды адреске жіберу кажет (№1, №2 қосымшаларды қараңыз).
  2. Міндетті түрде  барлық авторлар мен кафедра меңгерушілерінің қолдары қойылған және мөр басылған тезистің сканерленген нұсқасы (jpg немесе pdf форматында)  жіберілуі қажет.
  3. Қатысуға өтінімді толтыру (Қосымша №4) және арнайы электронды адреске жіберу қажет.
  4. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: барлық үш құжатты (Word форматындағы тезис,тезистің сканерленген нұсқасы және қатысуға арналған өтінім) бір хабарламамен  және тек бір рет жіберіледі (бір тезисті бірнеше рет  жібермеуге сұраймыз).

Сіздердің жіберген мәліметтеріңіз келіп түскеннен кейін, ұйымдастырушы комитет сіздерге шақырту жібереді және конференцияға қатысу туралы қосымша ақпаратты хабарлайды. 

 

Қатысуға өтініштер 2017 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

            

 

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН

ЖӘНЕ 25.03.2017 КҮННЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН ТЕЗИСТЕР

ҚАРАУҒА ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар