Хабарландыру 465

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2017жылдың 24 ақпан күні Археология ғылыми-зерттеу орталығының 20 жылдығына орай «Түркістан аймағындағы археологиялық ескерткіштердің сабақтастығы» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция аясында мына бөлімдер жұмыс жасайды:

  1. Ежелгі археология
  2. Ортағасыр археологиясы
  3. Этнография және  тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қорғау мәселесі

Конференция – қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2017жылдың 10 ақпан күніне дейін келесе мекен-жайға m.laz69@mail.ru, archeology@ayu.edu.kz баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін жіберу керек.

Мақалалар қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.     

Халықаралық конференцияға қатысуға өтінім.

  1. Аты, жөні (толық)
  2. Мақала тақырыбы
  3. Жұмыс орны (мемлекет, мекеменің толық атауы)
  4. Лауазымы, қызметі
  5. Ғылыми дәрежесі, атағы
  6. Мекен-жайы, телефон, факс,
  7. Е-mail

 

Материалдарды рәсімдеу талаптары:

10 беттен аспайтын баяндама мәтіні MS Word (*doc, rtf) редакторында, Times New Roman  12 шрифтпен терілуі  тиіс, жоларалық интервал – 1, формат А4, жағалық шектеулер- барлығы -25мм.

Жоғарыда оң жағында баяндама авторының аты-жөні, бір бос орыннан кейін бет ортасында қанық шрифтпен баяндама атауы үлкен әріптермен жазылады, Негізгі мәтін бір бос жолдан кейін басталады. Деректерге сілтеме доғал жақшаларда жасалады (Аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Федоров-Давыдов, 1966, 15-20). Сілтеме ұжымдық жұмысқа жасаланған жағдайда бірінші төрт авторлар көрсетіледі (Маргулан, Акишев, Кадырбаев, Оразбаев, 1966, с.14). Әдебиеттердің толық библиографиялық тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі.

Мақала соңында қазақ және ағылшын тілдерінде (орыс тілді баяндамашылар үшін), орыс және ағылшын тілерінде (қазақ тілді баяндамашылар үшін), шетелдік авторлар орыс (қазақ тіліне аударманы редакция жасайды) және ағылшын тілдерінде түйіндеме беріледі. Түйіндемеде автордың (авторлардың) аты-жөні, мақала атауы және 10 қатардан аспайтын түйіндеме мәтіні (әріп өлшемі 12 кегль).

Мақалада немесе библиографиялық тізімде қысқартулар болған жағдайда түйіндемеден кейін қысқартулар тізімі беріледі.

 Суреттер немесе фотолар электронды түрде jpeg tiff форматтарында, 300 dpi кем емес рұқсатымен берілу керек. Суреттер және фотолар «сурет» деп белгіленеді. Мәтінде суреттерге сілтеме доғал жақшаларда беріледі. Мысалы (сурет 1,3; 2,4). Сурет саны 5-тен аспау керек, далалық зерттеу нәтижелері баяндалатын мақалаларда  10-ға дейін.

Көрсетілген мерзімнен кейін немесе талаптарға сай емес материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Файл атауында автор фамилиясы және қала аты көрсетілуі тиіс.

Баяндамалар қағазға басып шығарылған түрде, дискпен немесе төменде келтірілген электронды адреске жөнелтіледі. Конференция материалдары тікелей көшіру тәсілімен теріледі, сондықтан сізден мақала ешбір қатесіз, мұқият редакцияланған түрде және жоғарыдағы барлық талаптарды орындап ұсынуыңызды сұраймыз. 

 

Библиографиялық сілтеме мысалдары

Волкова Л.А. Технология обработки текстовой информации: Учебное пособие. – М.: Изд-во МГУП «Мир книги», 1999. – 306 с.

Арсланова Ф.Х. Бобровский могильник // Изв. АН КазССР. Сер. общ. наук. – Вып. 4. – Алма-Ата, 1963. – С. 78–83.

Типология изданий / В.С. Агриколянский, А.А. Александрова, Г.И. Бахтурина и др. – СПб.: Нева, 1995. – 230 с

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар