Хабарландыру 469

2017 жылдың 3-4 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, аспиранттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін "Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе" атты XLI Халықаралық ғылымипрактикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Темір жол көлігінде автоматика жүйесін дамыту болашағы.

2. Темір жол саласындағы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту.

3. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер.

4. IT инновациялар.

5. Тасымалдау процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.

6. Логистикалық жүйелер мен көліктегі тасымалдау процесінің технологиялары.

7. Қазіргі жағдайда салалық және өңірлік экономикасын басқару.

8. Темір жол жылжымалы құрам. 9. Көлік құрылысындағы инновациялар.

10. Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау.

11. Тіршілік қауіпсіздігі және экология.

12. ЖОО студенттердің үштілді құзыреттілігін қалыптастыру.

13. Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері тұрғысындағы жаңа әлеуметтік
мүмкіндіктер.

14. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті мәселелері.

15. Дене шынықтыру және спорт.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға ұсынылатын баяндамада өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері немесе маңызды практикалық мәні болуы тиіс. Студенттердің үздік баяндамалары дипломдармен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімімен конференция еңбектерінің жинағына енгізіледі.
Конференцияға қатысу түрі – күндізгі / сырттай. Конференция қорытындысы бойынша ЕЭБ кіретін ISBN халықаралық нөмірі берілетін конференция материалдарының жинағы жарық көреді. Баяндамалар мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі – 2017 ж. наурыз айының 10 дейін. Конференцияға қатысу үшін төмендегі материалдардың қағаз және электронды тасығыштағы нұсқасын Конференцияны ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына ost.kazatk@mail.ru хаттың тақырыбында «XLI Халықаралық ғылымипрактикалық конференция» деп міндетті түрде көрсете отырып, ұсыну қажет: – тіркелген форма бойынша қатысуға өтінім (файлдың атауы бірінші автордың аты-жөніне сәйкес келу керек); – төменде келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала (бекітілген файл
атауында алғашқы автордың тегін _мақала атауын көрсетіңіз);
ақы төлеу туралы түбіртек.
Шеттен келген авторлар үшін жинақтың Pdf-нұсқасын алу – 1605 теңге, басқа ЖОО студенттері үшін – 535 теңгені құрайды.
Шеттен келген авторлар үшін конференция материалдары жинағының баспа нұсқасын алу – 3210 теңге, сол сияқты басқа ЖОО магистранттар мен докторанттар үшін
– 1605 теңге, сол сияқты басқа ЖОО студенттері үшін – 1070 теңгені құрайды.
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ: "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97
СТН 600700012599
БИН (ИНН) 010 740 000 551
АГФ АО "БанкЦентрКредит"
ИИК KZ 558560000000086400
БСК: KCJBKZKX
КБЕ 17, КНП 859
Аударма кезінде «XLI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция» белгісін
қойып, тегін және аты-жөнін көрсету керек.
Конференция келуге байланысты шығындар конференцияға қатысушылардың
есебінен жүзеге асырылады.
Шетелден келіп қатысушылардың мақалалар жинағында мақаласын ақысыз
басуға қҧқығы бар.
 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар