ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді 2017 ж. наурыз айының 29-да Алматы экономика және статистика академиясында Ставрополь университеті мен Сібір бизнес, басқару және психология институтының қатынасуымен өтетін «Қазіргі экономика және білім беру мәселелері, мүмкіндіктері мен даму перспективалары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияға қатынасуға өтінім және баяндамаларды 2017 ж. наурыздың 15-не дейін Word форматта тиісті секциялардың хатшыларының электрондық пошталарына жіберу қажет. Файлдың атауында секция нөмірі және бірінші автордың тегі көрсетілуі тиіс, мысалы: 2-Ахметов. Конференцияға тікелей немесе сырттай қатынасуға болады.
3 күн мерзім ішінде хатшылар авторға материалдың қабылданғандығы туралы хат жолдайды. Электрондық пошта арқылы жіберген авторлардан баяндамалардың алғанын растау туралы хабар алмаған жағдайда, өтінішті қайта жіберуді сұраймыз.
Баяндамалар конференция материалдарында ISBN берілу негізінде жарияланады және академияның сайтында орналастырылады, авторларға электрондық пошта бойынша жіберіледі. Өткен жылдардағы конференциялардың материалдарымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/
Төлем ақы (2 000 тенге) академия кассасында немесе банктік аудармамен қабылданады:
Мекеме «Алматы экономика және статистика академиясы». ИИН 600 200 022 543; БИН 050540010995; ИИК KZ936010131000022910; АО «Народный банк Казахстана»; БИК HSBKKZKX, КБЕ 17.
Авторлар өз өтініштері бойынша қатысу сертификатын ала алады.
Шетелдік қатысушылар ұйымдастыру төлем ақысынан босатылады.
Баяндама мәтінінің құрылымы және оны ресімдеудің талабы
Баяндаманың аты
Ахметов Б.В., э.ғ.д., проф., Серіков Р.З., магистрант
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
Байланыс e-mail………
Мәтіннің көлемі 3-5 беттен аспайтын, Times New Roman шрифтімен (биіктігі – 12, интервал – 1, абзац – 1,25, сол жағы – 2,5 см., қалғаны – 2 см.,) болуы тиісті.
Баяндаманың мазмұнына авторлар жауап береді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
- Әдебиеттер тізімі баяндаманың соңында орналасады.
- Баяндама мәтініндегі сілтемелер квадрат жақшалардың ішіне жазылады.
Ұйымдастыру комитеті электрондық нұсқасының дұрыс рәсімделмеуі жағдайында баяндаманы жарияламауға құқылы.
Алматы экономика және статистика академиясында
2017 ж. наурыз айының 29-да «Қазіргі экономика және білім беру мәселелері, мүмкіндіктері мен даму перспективалары» Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына
қатынасуға өтінім
Аты-жөні (толық) |
|
Жұмыс(оқу)орны, қала, ел |
|
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы |
|
|
|
Телефон |
|
Баяндаманың аты |
|
Конференция секциясының номері |
|
Қатынасу нысаны: тікелей немесе сырттай |
|
Байланыс ақпараты
Адрес: Қазақстан Республикасы, 050035, Алматы қ., Жандосов к., 59.