Хабарландыру 488

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ                                                                                                                              

Құрметті әріптестер31 наурыз 2017 ж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Студенттік өзін-өзі басқару потенциялы: теориядан практикаға» II ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Қазақстан халқына Жолдауында IT-білім беру, қаржылық сауаттылық және отаншылдыққа тәрбиелеуді қалыптастыру бойынша міндеттер анықталған. Конференцияда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру  тұрғысынан жоғары және орта білім беру мекемелеріндегі өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметі, жастардың әлеуметтік инновациялық жобалауға қатысуы, мемлекеттік жастар саясатының студенттік өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру механизмдері сияқты  және тағы да басқа ауқымы кең өзекті мәселелер талқыланатын болады.

Конференцияны ұйымдастырушысы Шәкәрім Университетінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі мен Студенттік Парламенті болып табылады.

Сондай-ақ конференцияға қатысушылар мен қонақтар қатарында мемлекеттік билік органдарының, білім беру жүйесінің, жастар қоғамдық ұйымдарының, студенттік одақтар мен кәсіподақ комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару мен жастар саясаты бойынша сарапшылар бар.

Конференция жұмысына қатысуға білім беру мекемелеріндегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, жастар ұйымдары мен жастар орталықтарының өкілдері шақырылады.

 Конференция бағдарламасына ғылыми-әдістемелік әдебиеттер көрмесі, пленарлық отырыс, дөңгелек үстелдер мен секциялар жұмысы, шеберлік сыныптары, қорытыңды резолюцияны қабылдау кіреді.

Конференцияның өту орны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін, №1 оқу ғимараты (Глинка көшесі, 20А).

Конференция қазақ және орыс тілінде өтеді.

Келесі секциялар бойынша баяндамалар, сөз сөйлеу мен пікірталастар жоспарланған (бағыттар бойынша):

1 секция

Болашақ маманның белсенді азаматтық позициясын қалыптастырудағы студенттік өзін-өзі басқарудың рөлі:

– ЖОО-да жастарды әлеуметтендіру үрдісіндегі студенттік өзін-өзі басқарудың рөлі;

– студенттік жастардың инновациялық потенциалын арттырудағы студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмыс тәжірибесі;

– студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет саласындағы заманауи технологиялар;

– студенттік өзін-өзі басқару ортасында белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;

– студенттік жастардың құндылық бағыттары: ерекшеліктер мен тенденциялар;

– студенттерді жұмыспен қамтудағы студенттік өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктері

2 секция

Жастар саясатындағы әлеуметтік инновациялық жобалау:

– жобалық қызмет саласы студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытудағы тәсіл ретінде;

– әлеуметтік жобаларды іске асыру механизмі;

– жастардың әлеуметтік жобаларды іске асыру проблемалары;

– волонтерлік;

– әлеуметтік жобалардың сәтті іске асу тәжірибесі.

Өтетін конференциядан күтілетін нәтижелер:

  • студенттік өзін-өзі басқарудағы сұрақтардың теориялық базасының кеңеюі;
  • әр түрлі деңгейдегі студенттік өзін-өзі басқару органдары арасында әріптестік қатынастың қанат жаюы, ортақ жобалармен жұмыс жасау;

Қатысу формасы:

  •  баяндамамен шығу;
  •  баяндаманы оқымай баспаға жіберіп,;
  •  баяндамасыз қатысу;

Баяндаманы техникалық қамтамасыздануы: мультимедиялық проектор. Қосымша материялдық қамтамасыздандыру туралы өтініште көрсетулеріңізді сұраймыз.

              Конференцияға қатысушылар өтініш (Қосымша №1) және баяндама тезистерін (аннотациясын) тиісті талаптарға (Қосымша №2) сай әзірленген электрондық түрде ұйымдастырушы комитеттің электрондық мекен-жайына ovrshakarim@mail.ru  жіберу қажет.  

Ұйымдастырушы комитетінің атынан өтінішті алған уақыттан бастап сол күн ішінде конференцияға қатысушылар тізіміне кіргендігі туралы растау жіберіледі.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА: өтініштер мен тезистердің қабылдау уақыты 2017 жылдың 20 наурызына дейін.

Іс-шараның қорытындысы бойынша конференция материялдарының электрондық жинағының шығуы жоспарланған. Жинақ Шәкәрім Университетінің ресми сайтында орналасады.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті жолданған материалдардың тақырыбы конференцияға сәйкес келмесе немесе белгіленген талаптарға сай әзірленбесе, қабылдамауға құқылы.

Конференцияға қатысу және баяндаманы баспаға шығару – ТЕГІН.

 

Конференция жайлы қосымша ақпараттарды төмендегі телефондар арқылы алыға болады:

8 (7222) 31-51-46 – тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі;

87751761060 – Карибаев Максат Серикович – тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі басшысы;

87475933177 – Аликеев Мирхат Медгатович – тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі маманы;

87753697601 –Абдраймов Алиби – Студентік Парламент Спикері.

 

Құрметпен,

Конференцияның ұйымдастыру комитеті

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар