Құрметті әріптестер!
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Сіздерді 2017 – жылдың 12 – сәуір айында болатын «Жастар мен ғылым әлемі: дамудың бағыты мен жаңа мүмкіндіктері» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясына (әрі қарай Конференция) қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – медицина мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері бойынша қоғамды ақпараттандыру.
Конференцияның басты бағыттары:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина
2. Клиникалық медицина
3. Зертханалық және молекулярлық медицина
4. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
Бұл конференция жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен 35 жасқа дейінгі зерттеушілер үшін өткізіледі.
Қатысу түрлері:
- Сырттай қатысу ( тезистерді жариялау түрінде)
- Күндізгі қатысу (ауызша баяндама, Е-постер)
- Белсенсіз күндізгі қатысу (тыңдаушы түрінде)
Конференция материалдары бойынша ғылыми жұмыстар жинағы жарыққа шығады.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына келесі материалдарды электрондық мекенжай бойынша жіберу қажет: smu-kgmu@mail.ru:
1.Конференция(форма);
2.
3.(*),
Конференцияға ұсынылатын тезис, баяндамалар мен E-постерлер медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, жетістіктерін және тәжірибесін қамту керек.
Мақалалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде (электронды нұсқасында) тіркеу формасымен бірге конференцияның ұйымдастыру комитетіне 2017 – жылдың 30 – наурыз айына дейін жіберілу керек, келесі электрондық мекенжай бойынша: smu-kgmu@mail.ru
Жарияланымды рәсімдеу талаптары
- Тезис болу қажет:
- жол аралық интервалы 1,0
- шрифті Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль 12
- алаңы жоғарыдан және төменнен 2 см, сол жақтан 4 см, оң жақтан 1,5 см
- жарияланымға бір автордан 2 тезиске дейін қабылданады
- тезис көлемі – 1 беттен кем емес
Тезистің бірінші жолында ӘӨЖ қойылады. Екінші жолында – ғылыми жетекшімен бірге автордың Т.А.Ә. (5 автораға дейін). Одан жол төмен – тезистің атауы (жазба әріптерімен), келесі жолда – оқу орны мен қала** атауы. Екінші бетке автордың мекенжайы мен телефоны көрсетілу керек.
* Автор(лар)дың Т.А.Ж. әрқайсысының жұмыс орнымен индекстеледі – А.В. Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3
** Автор(лар)дың жұмыс орны – Алматы техникалық университеті1, Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық орталығы2, Рудныйлық индустриалды институт3.
- Фотолар, суреттер және сызбалар рұқсат етілмейді.
- Кестелер атауларымен, нөмерлермен және басылып шығарылған болуы керек.
- Жалпыға бірдей қабылданған сөздерден басқа қысқартулар, есімдер мен атаулар рұқсат етілмейді. Өлшем жүйесі СИ бойынша беріледі. Қысқартулар мәтiнде бiрiншi пайда болғаннан кейiн ашып айтылады және өзгерусіз қалады.
- Материалдар жинақта өзгертусіз көшiру әдiсімен орналастырылады, сондықтан мақалалар барлық жоғарыда айтылған талаптарды мұқият орындалуымен, тек түзетілген түрде ғана қабылданады.
- Жарияланған немесе баспаға жіберілген материалдарды конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберу рұқсат етілмейді.
- Жариялаудың құны бiр бет үшін 500 теңгенi құрайды (қосымша2). Ұйымдастыру жарнасы 1500 теңге (жас ғалымдар үшін) және 500 теңге (тек студенттермен, интерндер үшін) – тек баяндамашы үшін. Тіркеу кезінде төленеді.
- Іссапар шығыны бағыттаушы жағынан төленеді.
Ұйымдастыру комитеті мен редакция комиссиясы конференцияға жіберілген мақалалар, баяндамаларды таңдауға құқылы.
Жинақта жариялау үшін материалдарды ұсыну және қатысуға өтініштер 2017 – жылдың 30 – наурызға дейiн қабылданады.
е-Poster-ді ресiмдеу талаптары:
Постерлер электрондық түрде барлық конференция ағымында бейнеленеді. Постерлер форматы – MS PowerPoint, слайдтар саны 6-8. Баяндаманың құрылымы: кіріспе, материалдар және әдiстер, нәтижелер және қорытынды.
Қатысуға толтырылатын өтiнiш, баяндаманың электронды нұсқасы, тезистер, постерлер, ұйымдастыру жарнасы және жарияланымның төленгені туралы түбiртектiң көшiрмесiн электронды адреске жіберу: smu-kgmu@mail.ru
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
СІЗДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТАҢЫЗҒА ҚАБЫЛДАНҒАНЫ ЖӨНІНДЕ РАСТАМА КЕЛГЕННЕН КЕЙІН ҒАНА КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ ПЕН МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАНҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ.
Конференцияның өткiзілу орны:
100000, Қазақстан Республикасы,
Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ұйымдастыру комитетімен қатынасу түрі:
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40.
ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
Изденов Асет Кайратович, izdenov@kgmu.kz
байланыс телефоны: 8701- 756-56-17 (WhatsApp)
Ұйымдастыру комитетінiң төрайымы:
Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор: м.ғ.д. Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы
Орындаушылар:
ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің орынбасары
Кобланды Томашев, Tomashev@kgmu.kz
Байланыс телефоны: 87023132588
Жауапты хатшы:
Тимур Бейсенов, BeysenovT@kgmu.kz
Байланыс телефоны: 8705-108-63-73
Конференция жинағы үшін жауапты хатшылардың байланыс ақпараты:
Юлия Романюк, байланыс телефоны: 8705-154-23-05
Юлия Суббота, байланыс телефоны: 8708-354-72-90
E-mail: smu-kgmu@mail.ru
ВКонтакте желісіндегі ҚММУ Жас Ғалымдардың ресми тобы: https://vk.com/smus_kgmu