Хабарландыру 509

Құрметті әріптестер!

«Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуына білім беруді біріктіру» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінің ғалымдары мен оқытушылары, студенттер, магистрлер, аспиранттар және ізденушілер; ғылыми қызметкерлер; орта жалпы және қосымша білім беру педагогтері шақырылады.

Конференция мақсаты: Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуының теориялық-әдіснамалық, ғылыми – әдістемелік және практикалық мәселелерін талқылауда казақстандық, ресейлік ғалымдар мен практиктердің күшінің нығаюы; этномәдени білім берудің теориясы мен практикасы бойынша ғылыми-педагогикалық мектептердің тәжірибесімен мәдениаралық қарым-қатынасты ұйымдастыру технологияларымен алмасу; қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен педагог-практиктердің біріккен жобаларын қарау бойынша тәжірибемен алмасу.

Конференция жұмысының тілі  – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу келесі түрде жүзеге асырылады: бір немесе бірнеше секциялардың отырысы шеңберінде баяндама, сыртай қатысу.

 

Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Жоғары мектеп қызметі аймақтың этномәдениетінің дамуы іспетті.
  2. Балалар мен жастарды этномәдениетілік және көп мәдениетілік білім беру мен тәрбиелеу 
  3. Ұлттық және мәдени бірлестік: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.
  4. Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және зерттеу мәселелері.
  5. Көп мәдениеттілік және этномәдени білім берудегі мәдениет аралық қатынас пен тілдер мәселелері. 
  6. Этномәдени және кәсіби ділдік және педагогтың ойлау санасы.
  7. Сабақ беруде жаңа тәсілдерді қолданып, тарих сабағында ұлттық салт-дәстүрлер элементтерін қолану.
  8. Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтарындағы экология мен туризм

 

  1. Конференция шеңберінде тарих, география, биология, қазақ тілі, орыс, шет тілі және әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Сабақ беруде жаңа тәсілдерді қолданып, тарих сабағында ұлттық салт-дәстүрлер элементтерін қолдану» ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің конкурсын өткізу жоспарлануда.

18.(Конкурс туралы ереже соңынан жіберілетін болады).

 

Конференцияны өткізудің орны мен уақыты

Өткізу орны – үлкен зал (Мир көш,60 үй, ПМПИ бас ғимараты).

Қатысушыларды тіркеу  сағ 09.00-ден 10.00 дейін

Конференцияның басталуы – сағ 10.00

Конференцияға қатысумен байланысты шығындар, конференция қатысушылары есебінен өтеледі. 

 

Конференция барысында http://elibrary.ru Ғылыми электрондық сайтында кейіннен мақалалық орналастырумен ғылыми мақалалар электрондық жинағын шығару және ҒДРИ ғылыми өлшем негізінде индекстеу жоспарлануда (Ғылыми дәйексөз алу ресейлік индексі). ҒДРИ орналастыру мәтіннің түпнұсқасына тексеру жағдайында жүзеге асырылады. (мәтіннің түпнұсқалық деңгейі 70% кем емес).

Конференция қатысушыларына электрондық мекенжайларына PDF форматта электрондық нұсқасы жіберілетін болады.

Конференцияның материалдары мен өтінімдері ПМПИ-дің ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөліміне жіберіледі. ( Павлодар қ, Мир көш, 60-үй, 105 каб.) немесе  conference_pgpi@mail.ru. Электронды поштаға: «Үлкен Алтай конференциясы» тақырыбымен 2017жылғы 3 сәуірге дейін .  (А.Б. Искаков секция 1_мақала) файлға тақырыбы беріледі 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар