Құрметті әріптестер!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультеті 2017 жылғы 19 мамырда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 80-жылдығына арналған «Туған жер – 2017» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияға қатысу үшін зерттеушілер, ЖОО оқытушылары, аспиранттар, өлкетанушылар, діни қызметкерлер, мұрағаттар мен мұражайлардың қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, студенттер мен мектеп оқушылары шақырылады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланды:
- аймақтың көне кезеңі және археологиялық зерттеулері;
- Солтүстік Қазақстанның этнографиясы мен мұражайтануы;
- Солтүстік Қазақстандағы мәдениет және білім берудің тарихы;
- шағын қалалар мен ауылдардың, тарихи-мәдени объектілердің тарихы;
- аймақтың тарихын мектепте зерделеу;
- Солтүстік Қазақстанның діни бағыттары мен конфессиялары: өткен және қазіргі кезі, ынтымақтастықтың келешегі;
- тарихи өлкетануды зерделеу және жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері;
- тарихи өлкетану және экскурсиялық-туристік қызмет;
- өлкенің (Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облысы) тарихы;
- атақты жерлестер;
- Солтүстік Қазақстан облысы мәдениеті мен тарихының ескерткіштері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтінішті, баяндама мәтіні (қосымша берілген талаптарға сәйкес ресімделген) мен конференцияның ұйымдастырушылық және баспа шығындарын өтеу үшін 3000 теңге мөлшерінде тіркеу жарнасы ұсынылуы қажет.
Баяндамалар 2017 жылғы 1 мамырға дейін басып шығарылған мәтіннің данасын қоса берумен электронды нұсқада ұсынылуы тиіс. Конференция материалдары бойынша жинақ басып шығарылады.
Ұйымдастыру жарнасын келесі деректемелерге аударуды сұраймыз: ЖИК КZ 938560000000013451, «ЦентрКредит банкі» АҚ, Петропавл қ., БИК KCJBKZKX, коды 16, төлемнің тағайындалу коды 859, төлем тапсырыстарында «Тегі, аты-жөні, «Туған жер – 2017» көрсетілумен.
Іссапар шығындары қатысушылар есебінен.
Материалдарды мына мекенжайға жіберу керек:
150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Пушкин көшесі, 86, СҚМУ, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.
Тeлефон: +7 7152 – 46-13-20, 49-40-42 (қосымша 11-39, 11-41)
Хабарлама немесе баяндама мәтіні А4 форматында орындалады, 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, шрифттің көлемі 12 (әдебиеттер тізімі үшін шрифт көлемі 10), интервалы 1.0, «Times New Roman» шрифті, теңестірілу парақтың ені бойынша, барлық өрістер ӘОЖ көрсетілумен 25мм.
Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісі арқылы жасалады. Сондықтан ғылыми мақалалар мұқият редакцияланған, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай түрде ұсынылуы тиістігіне Сіздердің көңілдеріңізді аударамыз. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларға доктор (PhD) немесе ғылым кандидатының рецензиясын қоса жіберуілері керек.
Көрсетілген мерзімнен кеш немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитеті