Хабарландыру 600

Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana Сізге өзінің айрықша құрметін білдіре отырып, «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты III Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2017 жылдың 14-15 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
Конференцияға әлемнің жетекші университеттерінің танымал ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТТАРЫ:
Біз «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты ІІI Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу мақсаты ретінде көптеген отандық және шетел ғылымизерттеу топтары арасында сұхбат пен интеграциялау алаңың құру және геномдық және дербес медицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы заманауи инновациялық жетістіктерді талқылауды көздеп отырмыз. Аталмыш конференция биомедицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мультиомдық технологиялар, биоинформатика мен жүйелік биология жетістіктерін практикалық медицинада қолданысын кеңейтуге шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:

a) Мультиомдық зерттеу технологиялары және олардың қолданылуы

b) Биоинформатика және жүйелік биология

c) Дербес медицина саласының жетістіктері мен болашағы

d) Фенотиптеу

e) Медициналық генетика

f) Геномика

g) Мәліметтер анализі

h) Микробиом және предиктивті медицина

i) Фармакогеномика

j) Биобанк

k) Клеткалық технологиялар

) Эпидемиология

m) Денсаулық детерминанттары

Тезистерді және конференцияға қатысу өтінімдерді конференция бағытын белгілеп келесі электронды поштаға жолдаңыз: pm@nu.edu.kz
СЕКРЕТАРИАТ:
Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері:
Максат Жабагин: тел: +7 (7172) 70 92 89, email: maxat.zhabagin@nu.edu.kz
Айнур Ахметова: тел: +7 (7172) 70 93 18, email: ainur.akhmetova2@nu.edu.kz
Мадина Хамзина: тел: + 7 (7172) 70 49 82, e-mail: madina.khamzina@nu.edu.kz

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар