Латын  қарпіне көшу- заман талабы

Латын қарпіне көшу- заман талабы

08.12.17 күні қазақ және латын тілдері кафедрасы «Латын  қарпіне көшу- заман талабы» атты  қалалық дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты   бүгінгі қазақстандық білім беру саласындағы латын әліпбиін қалыптастыру жүйесі, оны енгізудің басты бағыттары мен оқу-тәрбие үдерісіне енгізілетін өзгерістер, ой-пікірлер мен атқарылатын іс-шаралар жайын сөз ету. Ең бастысы, латын әліпбиіне көшу қажеттілігін жалпы халыққа жеткізу. Міндеті: қазақ жазуындағы латын әліпбиінің тарихы, кітапхана қорларында кездесетін латын қарпіндегі басылымдар, қазақ тілінің жаңа әліпбиі және кірме сөздердің жазылу емлесі.

Латын әліпбиінің тарихы жайлы Шәкәрім атындағы СМУ-нің  Қазақстан тарихы  кафедрасының профессоры,т.ғ.к. А.И.Исин, кітапхана қорларында кездесетін латын қарпіндегі басылымдар, рухани дүниелеріміз туралы Семей қаласы түркі тектес халықтар ассамблеясы басшысы            Қ.Ж. Нұрқасым, емле ережелеріміздің сақталуы, кірме сөздердің заңдылықтары, меңгерту әдістемелік заңдылықтары туралы Шәкәрім атындағы СМУ-нің қазақ тілі және әдістемесі кафедрасының  кафедрасының  меңгерушісі,п.ғ.к Қ.Қ.Мұқанова, аға оқытушы  Т.К Мүрсәлімов өз ой-пікірін  айтып, жас ұрпаққа мағлұмат берді. Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тілдерді оқыту орталығының мамандары  Л.С.Серікболова, Л.М Мырзаханова, Семей қ. жастар ресурстық орталығы ҚММ  директоры А.Е.Ғапуов жастар саясаты тарапынан қандай жұмыстар атқарылғаны және алдағы жоспарлары туралы   ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына  жауап берді.

 

 

Қазақ және латын тілдері кафедрасының  ұжымы 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі