ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы С.А.Купанова “Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне” орай жалпы медицина факультеті мен стоматология факультеттерінің 2 курс студенттеріне 12,13 желтоқсан күндері «Қазақстандық патриотизмнің философиялық негіздері» атты дәріс оқылды. Дәріс барысында модернизацияның философиялық теориялары, Қазақстандық модернизация үлгісінің социомәдени негіздері, азаматтық қоғамның мәні мен қызметтері, әлемдік тәжірибенің Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы және Қазақстандық патриотизмнің философиялық негіздері сияқты мәселелер қарастырылды.

 

Қазіргі қаманғы қазақстан тарихы және ЖББП

кафедрасының аға оқытушысы С.А.Купанова

Жарияланды: