«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс старосталарымен өткен жиналыс

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс старосталарымен өткен жиналыс

2017 жылы 11 жетоқсан айында 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының старосталарымен дипломға дейінгі білім беру деканатының декан орынбасары Т.А. Рымбаева және 1 курс әдіскері А.С. Бужееваның қатысуымен «Старостат» өтті.

Старостатта келесідей мәселелер қараcтырылды:

  1. Семей қ.ММУ – нің әкімшілік құраммен тағы бір мәрте таныстыру.
  2. Оқу ақысы туралы сұрақтар.
  3. Қысқы емтихан сессиясына дайындық.
  4. Әкім гранты негізінде білім алатын студенттердің оқу ақысы бойынша  сұрақтар.
  5. Пән саясаты бойынша студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері (киім тәртібі).

Сонымен қатар деканат қызметкерлері сабаққа келмей жүрген студенттер жайында сұрақ- жауап алды, студенттерге алдағы келе жатқан сессия барысында емтихандарға дұрыс дайындалып сабақтан қалмай, пән саясатын жақсы ұстануларын қайталап өтті. 

 

     

Дипломға дейінгі білім беру деканаты

әдіскер А.С. Бужеева

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі