«Медик» асханасында жүргізілген тексеру жұмыстары

«Медик» асханасында жүргізілген тексеру жұмыстары

07.12.17  күні  «Медик» асханасының  санитарлық-гигиеналық жағдайы, әзірленетін тағамдардың  сапасы тексерілді.  Арнайы құрылған  комиссия құрамында  кәсіподақ  комитетінің  төрағасы  Н.С.Смаилов, тағамтану және гигиеналық пәндер  кафедрасының меңгерушісі Ш.Е.Токанова, ДДББ деканаты деканының  орынбасарлары А.С.Дюсембаева мен  А.Ш.Жылқыбаева, ЖІК маманы А.Ш Кульгинбаева, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен заңгер  И.Садиярұлы және СӨӨБ ұйымының мүшесі Ерлан А. болды.

Тексеру жұмыстары университет ректорының қараша айында студенттермен өткізген кездесулерде айтылған талап-тілектері бойынша құрастырылған іс-шаралар жоспары негізінде өткізілді.

 Жұмыс барысында комиссия мүшелері сол уақытта тамақтанып отырған студенттермен тамақ сапасы, асхана тазалығы жайында сұхбаттасты. Ш.Е.Токанова және А.С.Дюсембаева, А.Ш.Жылқыбаева  азық-түліктер сақталатын қоймаларды, тамақ  дайындалатын, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелерді тексеріп өтті. Ыдыс-аяқтарды  залалсыздандыру үшін ертінді күнделікті дайындалып отыратындығы анықталды. Санитарлық ережелер мен талаптар бойынша ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Студенттер тарапынан киім ілгіштерінің болуы сұралды.

Асхана қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тілей отырып, тұтынушылар ризашылығына бөлене беріңіздер дейміз!

 

 

ДДББ  деканаты деканының  орынбасары А.Ш.Жылқыбаева

Жарияланды: