3  курс старосталарымен  өткізілген  жиналыс

3 курс старосталарымен өткізілген жиналыс

07.12.17 күні  ДДББ деканатының 2017-2018 оқу жылы жоспары  негізінде декан орынбасары А.Ш.Жылқыбаева мен әдіскер Г.Д.Құлмағанбетова 3 курс старосталарымен жиналыс өткізді.

Қазіргі таңда топ старосталары бірқатар маңызды міндеттерді атқарып отыр. Атап айтар болсақ,  барлық іс-шараларға топты жұмылдырып, деканат тарапынан айтылатын  ақпаратты топқа жеткізіп, орындалуын қамтамас етуде. Сондықтан жиналыста  оқу процесі, тәрбие жұмысына қатысты төмендегі өзекті мәселелер

  • топтың оқу үлгерімі, аттестация қорытындысы;
  • келісімшарт негізінде оқитын топтар үшін оқу төлемақысы;
  • топ ішіндегі психологиялық жағдай;
  • студенттердің ғылыми үйірме жұмыстарына қатысуы;
  • ректормен кездесу кезінде айтылған өтініш-тілектер бойынша құрылған іш-шаралар жоспары туралы;
  • қысқы емтихандық сессияға дайындық барысы жайлы мәселелер

талқыланды.

Старосталарға кез келген мәселелерді талқылау, шешу барысында деканатпен тығыз байланыста болып, үнемі ұсыныстарын білдіріп отырулары айтылды. Белсенді, оқу үлгерімі бойынша үздік топтар оқу жылы қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде марапатталатындығы ескертілді. Оқы барысында тек жетістікке, сәттілікке жетіңіздер деген тілек білдірілді.      

 

 

 

ДДББ деканы орынбасары А.Ш.Жылқыбаева

Әдіскер Г.Д.Құлмағанбетова. 

Жарияланды: