Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

16 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні баршамызға құт береке алып келсін! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!!! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік. Болашақ қазақ елінің жастарына қазақ жерінің тұтастығымен қатар, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін жеткізейік. Өз рухымызды жоғалтып алмайық!!!Баршаңызға аманшылық, елімізге тыныштық тілейміз. Ынтымақ пен татулық, бірлік пен бауырмалдық бізбен бірге болсын! Біз 407 ҚДС тобы Тәуелсіздік алған күнімізге орай шағын сайыс түрінде, 405-401 ҚДС топтарына сабақ жүргіздік, бос уақытымызда неге тиімді, маңызды етіп өткізбеске. 2 топ та белсенді қатысты, уақыттарын бөлгендеріне алғыс айтамыз.

Мақсатымыз:  Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. «Аламан» зияткерлік ойын сабағы ретінде өткіздік .
Өтілу барысы:
1. Есімдерге байланысты топтарға бөлінді.
І топ – Желтоқсан тобы, ІІ топ – Тәуелсіздік тобы
2. Әр топ өздерін таныстыру.

3. Өз өнерлерін көрсетті, көрініс өте әсерлі болды. Мақсатымыз тек білімдерін тексеру емес, өмірлерінің қадірін , болашаққа деген көзқарастарын жақсарту.
Сайыс соңында 2,5 айырмашылығымен  Желтоқсан тобы жеңіске жетті. Жеңімпаз командаға сыйлық, грамота берілді.

 

Өткізген : «Қоғамдық денсаулық сақтау»

кафедрасы          407 топ ҚДС

 Ұйымдастырушылар : Әбілғазиева Д.С. ,

 Қалдыбатыр Ә.С.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар