Облыстық «Өлкетану » мұражайы

Облыстық «Өлкетану » мұражайы

2017 жылдың 8- желтоқсан күні 133 топ, кураторы Мұздыбаева Толқын Абдыгалымовнаның бастауымен облыстық «Өлкетану » мұражайымен танысуға жол тартты.  Бұл мұражай Қазақстан тарихындағы ең көне  мұражай болып табылады, яғни ХІХ ғасырдан бері қарай сақталып қалған.  Мекемеде тас дәуірінен бастап қазіргі кезге дейінгі жәдігерлер бар. Музейде  экспонат қоры дербес тақырыптық залдарға орналастырылған. Біз әрбір залды жеке көріп, танысып шықтық.

Ерекше есте қаларлықтай әрленген «Табиғат », «Қала тарихы» және «Этнография» атты залдар болды. Бұл залдарда қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар мен өсімдіктер, ертеде қазақ халқының қолданған ыдыстары мен киім – кешектері орналастырылған . «Тәуелсіздік жылдарындағы Семей» атты залында Семей өлкесінен шыққан атақты ғұлама жазушылар мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістерінің шығармасы мен жетістіктері жәдігер ретінде қойылған.Ең көне жәдігерлерге толы «Археологиялық» зал болып табылады. Бұл залда мезазой заманында өмір сүрген бензойдың қаңқасы және сол заманда қолданған құрал – жабдықтар орналастырылған.  «Көрме» деп аталатын залмен экспозиция аяқталады.

Топ кураторы-Мұздыбаева Т.А.

133 топ студенті- Әбен А.С.

Жарияланды: