Семей қ. ММУ-де оқитын кәмлеттік жасқа толмаған 1 курс студенттермен жиналыс өткізілді

Семей қ. ММУ-де оқитын кәмлеттік жасқа толмаған 1 курс студенттермен жиналыс өткізілді

13.12.2017 жылы № 2 дәріс залында дипломға дейінгі білім беру бөлімінің  деканы Оразалина А.С.; декан орынсабары  Рымбаева Т.А. мен методист  Бужеева А.С. қатысуымен университеттегі барлық мамандықтар бойынша оқитын кәмлеттік жасқа толмаған 1 курс студенттермен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты- студенттерге Қазақстан Республикасының Акімшілік кодексінің 442, 443 бабыбына толықтай тоқталып, кәмлеттік жасқа толмаған студенттер  түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ға дейін түнгі уақытта «ойын-сауық» мекемелерде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеуі керектігін және, егер ондай жағдай болса 3 айлық  есептік көрсеткіш   көлемінде айыппұл  салынатындығын жетік түсіндіру. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың қасында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00- ден таңғы 6- ға дейін жүруі анықталған жағдайда олардың заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер әкімшілік жаза қолданғаннан кейін 1 жыл ішінде бұндай жағдай қайталанса, онда 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады және 15 күндік әкімшілік қамауға алынатындығын айтып өтті.

 

Дипломға дейінгі білім беру  бөлімінің

декан орынсабары  Рымбаева Т.А.

 

Жарияланды: