«Қайырлы таң» бағдарламасының тікелей эфирінде  сұхбат

«Қайырлы таң» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат

2017 жылы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2 курс шетел бөлімінің студенттері Шарма Акшат Кумар,  Адил Кхан және  олардың кураторы, Қазіргі замаңғы Қазақстан тарихы және  ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н.Табулдинова Semei телеарнасындағы ««Қайырлы таң» бағдарламасының тікелей эфирінде  сұхбат берді.  Сұхбат беру барысында студенттер қойылған сұрақтарға ерікті түрде жауап берді,  Қазақстан туралы айтты, осы университетті   таңдау себептерін  баяндады. Ең басты себептердің бірі ретінде біздің университет туралы таныстары мен туыстары  айтылған жағымды пікірі болды. Г.Н.Табулдинова  өз сөзінде шетелдік студенттермен атқарылатын жұмыс жөнінде баяндады, олардың қоғамдық өмірі жайлы мәлімет берді. Сұхбат  еліміздің әр азаматы үшін айтулы Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөздерімен аяқталды. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы жарасқан  еліміздің  тәуелсіздігі баянды болсын, барлығына игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.

Кураторлар Кеңесінің төрағасы    Г.Н.Табулдинова.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар