«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»

«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», деп атап көрсеткендей студенттердің патриоттық сана сезімін ояту, дүниетанымын кеңейту, өз ұлтың, халқың сүюге үндеу кураторлық сағатымыздың мақсаты болып табылады.
Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендіктеріне әлі күнге дейін қапалымыз. Желтоқсан оқиғасы  өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерменде әрбір адамның есінде мәнгі сақталады. 31 жыл бұрын, яғни 1986 жылы  Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені  дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан  көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова ағаларымыз бен апаларымыз белсене ат салысты.

2017 жылдың 13 желтоқсан күні  Аманбекова Нұргүл Даирқызы 130 жалпы медицина студенттерімен «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Студенттер аталған шараға белсенді түрде ат салысты. Кураторлық сағат барысында Халық қаһарманы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткішке гүл шоғын қойдық.

Міне, осы бір жан тебірентер сәтте, Қазақ елінің еркіндігі, бостандықта жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары мәңгі есімізде қалмақ. Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп, бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмтылмайды!

                                 

 

 

ЖМ 130 топ студенті Арылбекова А.

Қазақстанның қазіргі заманғы

тарихы және ЖББП

кафедрасының оқытушысы Аманбекова Н.Д.

Жарияланды: