Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

14.12.2017 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің «Балалар аурулары» кафедрасында  4 курс студенттерімен «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сабағы өтті.     

Тәрбие сабағын өткізу мақсаты: студенттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру, патриоттық  сезімін қалыптастыру.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

Стуенттерге «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбына сай еліміздің тарихы, сәулетті ғимараттары, елімізде халықаралық деңгейде болып жатқан іс – шаралар туралы сұрақтар қойылды. Сұрақ оқылмай тұрып, студенттер әр сұрақтың жауабын білгендері, еліміздің тарихын, елімізде болып жатқан іс – шаралардың қалай өткендігін білетіндері тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағы зор, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі ояу азаматтарының бар екендігінің дәлелі. Ел болашағын қолға алатын жастарымыздың тәрбиесі еліміздің саяси – әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан ары қарай дамып, өркендеуінің кепілі.

Сабақ барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, 406 – топ студенті Болатұлы Алишер бұл мейрамға арнап жазған өлең жолдарын оқыды:

Тәуелсіздік күні

Қиындықпен жеткен бізге бұл күнде

Тәуелсіздік армандады бабалар,

Құл болып жүреміз деп түңілме

Тәуелсіздік алдық міне, бабалар!

Аңсады ғой, армандады, тулады,

Орындалды бүгін баба мұң – асып

26 жыл болсақ тағы тәуелсіз

Жазғым келе береді бұл туралы.

Ұрпағына өмір берген адамдар

Батыр – Қайрат, Ләззат деген даралар

Термен, қанмен келген бізге бұл күнді

Бүгінде кім қолымыздан ала – алар!

Қадірлеймін мен қолдағы алтынды

Қадірлеймін дәстүр, дінім, салтымды

Ант беремін, қадірлеймін елімді

Ант беремін! Аяқтаймын хатымды.

          

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар