Қайрымдылық кеш

Қайрымдылық кеш

15.12.2017 жылы ДДББ деканатының қызметкерлері мен Семей қалалық мемлекеттік медицина университетінің «Медик» асханасы ұжымының қатысуымен Семей қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету негізінде 30 тәрбиеленушінің (4- ші квартал бойынша) туған күндерін өткізу мерекесі ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Семей қалалық мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 144,134, 141 топтары және шетел бөлімі студенттері өз өнерлерін көрсетіп, келген балалардың және олардың ата – аналарының көңілін көтерсе, ал Нұр Отан партиясы жанындағы Жас отан жастар қанаты құрамындағы студенттер туған күн иелеріне мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында «Медик» асханасын безендіріп қойды.

Мерекелік шара барысында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» қарасты тәрбиеленуші балаларда өз әндерін айтып, ортаға шығып би билеп көңілдері көтеріңкі болды. Сонымен қатар құттықтау сөзімен Семей қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Құрманғалиев Азамат Аманкелдіұлы, Семей қалалық мемлекеттік медицина университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Смайлов Н.С. және ДДББ декан орынбасары Рымбаева Т.А, «Медик» асханасының меңгерушісі Исабекова Б сөз сөйлеп, балаларға және олардың ата –аналарына жылы лебіздерін білдірді. Университет қабырғасында алғаш рет өткізілген бұндай кеш алдағы уақыттарда да өз жалғасын тауып, дәстүрге айналады деп сенеміз.

ДДББ декан орынбасары Рымбаева Т.А.

Жарияланды: