Тәуелсіздігіміздің жаршысы Елбасыма сенемін

Тәуелсіздігіміздің жаршысы Елбасыма сенемін

13 желтоқсан 2017 жылы екі мемлекеттік мерекелер тоғысында  жалпы медицина факультетінің 221 топ студенттері, топ кураторы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовнаның қатысуымен, «Тәуелсіздігіміздің жаршысы Елбасыма сенемін» атты тақырыпқа сұхбат өткізді. Іс-шараны ұйымдастырып, даярлаған топ студенті Бахрамова Мөлдір.

Сұхбаттасу барысында әр түрлі аймақтан келген, жастары да әркелкі топ студенттері тәуелсіздікке ризашылығын білдіріп, олар үшін бұл күннің маңызын атап көрсетіп және соның арқасында жеткен жетістіктерін ортаға салды. Топта алғашқы еңбек жолдарын Қазақстанның әр түрлі қалаларында бастап келген балалар да бар, олар өз тәжірибелерінде сезінгендерімен, жауапты қызметкершілікті атқару барысында еркіндіктің, өз отаныңа қызмет етудің ерекшеліктерімен бөлісе білді. Желтоқсан оқиғасындағы өздері құралпылас жастардың сана-сезімдеріне, күш-жігерлеріне, өрліктеріне сүйсіне отырып,  олардың ерліктерін еске алды. Студенттер жұмыла тұра Елбасына  деген ризашылықтарын айтып, осындай елде дүниеге келгендіктерін мақтанышпен тұжырымдады.

Тәуелсіздіктің маңызына, ондағы Елбасының бастаушы ретінде ролін қорытындылап айта келе, куратор студенттерді мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта да тәуелсіз елдің еркін өскен жастарына тән қасиеттерінен айрылмауға тілек білдірді.

 

Бахрамова Мөлдір, 221 топ ЖМФ.

Жарияланды: