Кредиттік оқу жүйесі (КОЖ) және стоматология мамандықтарының студенттерімен қысқы емтихандық сессия туралы жиналыс

2017 жылдың 20 желтоқсан күні №2 дәріс залында «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Стоматология» және «Фармация» мамандықтарының 1-3 курс студенттерімен қысқы емтихандық сессия жиналысы өтті, жиналыста дипломға дейінгі білім беру деканы, доцент Оразалина А.С., декан орынбасары Дюсембаева А.С., әдіскер Хасенова К.Ж. қатысты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  • «2017-2018 оқу жылында қысқы емтихандық сессия өткізу туралы» 31.10.2017ж. №335-С бұйрығымен таныстыру;
  • Ішкі тәртіп ережесін сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты;
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4-ші курс студенттерін марапаттау;
  • Оқу ақысы;
  • курстан курсқа өту баллы GPA жоғарлауы.

Декан Оразалина Айнаш Сапарқызы студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережесі туралы айтып берді. Декан орынбасары Дюсембаева Әсел Серікбекқызы «2017-2018 оқу жылында қысқы емтихандық сессия өткізу туралы» 31.10.2017ж. №335-С бұйрығымен, студенттерді емтиханға рұқсаттама алу кестесімен және аппеляция өткізу ережесімен таныстырды. Жиналыс соңында  Қазақстан Республикасының ДСМ ШЖҚ РМК «Денсаулықты дамыту Республикалық орталығымен» бірлесе зерттеу жұмыстарына жәрдемдескені үшін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4-ші курс студенттерін алхыс хатпен марапаттады.

 

Декан Оразалина А.С., декан орынбасары Дюсембаева Ә.С.,

әдіскер Хасенова Қ.Ж.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі