Жаңа жылдық құттықтау

2017 жылдың 21 желтоқсанында 2 курс шетел бөлімінің студенттері Мемон Сания,  Адил Кхан және олардың  кураторы, Казіргі замаңғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н. Табулдиновамен бірге жаңа жылдық құттықтау жасауға жергілікті Semei телеарнасына арнайы шақырылды. Мемон Сания куратордың жетекшілігімен  Жаңа Жылға арнап орыс тілінде  құттықтау сөзін  дайындап бейнеге түсірілді.

Ол  Семей қаласының тұрғындарын алдымен орыс, одан кейін ағылшын және хинди тілдерінде құттықтады. Екінші студент Адил Кхан  келе жатқан Жаңа жылмен барша қазақстандықтар мен үнді халқын  қазақ, ағылшын және хинди  тілдеріндегі  құттықтауын  «Жаңа жыл – бірлік пен татулықтың жылы, әр отбасы үшін  ырыс пен  береке жылы болсын»  деген сөзімен аяқтады. Түсірілген бейне 31 желтоқсанда Semei телеарнасында көрсетіледі.  Университеттің барлық ПОҚ мен студенттерін келе жатқан Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!  Жаңа 2018 жылда  әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

244 топ кураторы Табулдинова Г.Н. 

Жарияланды: