Кураторлық сағат «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Кураторлық сағат «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің  Университет  госпиталі базасында  орналасқан неврология, психиатрия және наркология кафедрасында  2018 жылдың 16-ші ақпанында кафедраның тәрбие ісіне жауапты Мусина Ш.Е жетекшілігімен және кафедра оқытушыларының, 1-ші ,2- ші  жылдың невропатолог-резиденттерінің , жалпы медицина факультетінің 535,523,510 топ студенттерінің ,307 топ стоматологиялық факультетінің студенттерінің ,703,606 топ интерн-педиатрларының  қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күні жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талдап және оны түсіндіру мақсатында  кураторлық сағат өткізілді . 523 –ші  ЖМФ тобының студенті Лукашова.В   көмегімен  Елбасы жолдауы аудитория тыңдаушыларына презентация түрінде ұсынылды. Жолдаудағы елге жүктелген 10 мақсаттың барлығы қызу талқыға түсті, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты тармақтарына ,яғни, аурулардың алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын ұстану,онкологиялық аурулармен күрес жүргізу,денсаулыққа байланысты солидарлы жауапкершілік (МӘМС), денсаулық сақтау жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, медициналық кадрларды дайындауда сапа мен қамсыздандыру жайлы мәселелерге аса мән берілді.

Жарияланды: